Түркия мен Ресей байланысы дамып келеді

Еуразия күн тәртібі - 3

1342016
Түркия мен Ресей байланысы дамып келеді

Бүгінгі бағдарламамызда Ресей президенті Владимир Путиннің Түркияға жасаған сапарына тоқталамыз.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 2020 жылы 7 қаңтарда Түрік Ағыны табиғи газ құбыр желісінің тұсаукесер рәсіміне қатысу мақсатымен Стамбұлға келді. Түрік Ағыны -  Түркияның  энергия тасымалында орталық ел болуын бекемдейтін және Шығыс Еуропаның энергия экспортына мүмкіндік беретін маңызды бір жоба. Құбыр желісінің беті 8 қаңтарда ашылды.  Көгілдір Ағын, Түрік Ағыны, ТАНАП жобалары арқылы Түркия шығыс энергиясын батысқа тасымалдаудағы орталық елге айналды.

Таяу Шығыста бейбітшілік орнағаннан кейін осы аймақтың табиғи газы мен мұнайы да арзан бағамен Түркия арқылы батыс елдеріне тасымалданады. Сыртқы күштердің аймағымызды үнемі былықтыруға талпыну жоспарлары да аталмыш жобалардың атқарылуына және аймақтың өркендеуіне кедергі жасау мақсатында екені айқын.

Путин сапарының маңызды бір жағы да Түркия мен Ресейдің өзара жақындасуы және аймақтық мәселелердегі көзқарас айырмашылығына қарамай, диалог құрулары мен шешім жолдарын табулары болып отыр. Стамбұлдағы беташар алдында және беташардан кейін Ердоған мен Путин кездесуінен аймақтағы өзге бір дүмпулі ел Ливияда 12 қаңтардан бастап атысты тоқтату шешімі шықты. Осыған орай екі басшы 12 қаңтарда телефонда да сөйлесті. Атысты тоқтату шешімінің Ливияда тұрақтылықтың орнауы және орайдың Түркия мен Ресейдің қолына өтуі тұрғысынан маңыздылық көрсетті.

Тараптар Стамбұлда Сириядағы мәселені шешу жолдарын да қарастырды. Путиннің Стамбұлға келу алдында Дамаскке жасаған төтенше сапары Сирия мәселесінің шешімінде алдағы кезеңде нақтылы қадам басуға меңзейді. Ресей Түркия мен Сирия арасында бітімгер болуы мүмкін.

АҚШ-тың 3 қаңтарда Иракта Касым Сүлеймани мен жолдастарын өлтіруі және Ираннан туындаған оқиғалар Түркия мен Ресейдің Иран дағдарысында да ақылдасуды арттыруына себепші болды. Аймақтағы басты елдер ретінде Түркия мен Ресей Иранға сырттан килігуге рұқсат бермейді. Себебі Иранның былығуы Түркияға да, Ресейге де пайдасыз. Иранның ағымдағы жылы Түркия мен Ресейдің үнемі

күн тәртібінде болары анық.

Стамбұлдағы беташарға Сербия президенті Александр Вучич пен Болгария премьер-министрі Бойко Борисов та қатысты. Төрт лидер беташардан кейін бірге қонағасыға қатысты. Түркия мен Ресей әрі энергия, әрі Қаратеңіз мәселелері себепті Шығыс Еуропа аймағындағы оқиғаларда да ықпалды рол атқарады.

Екі ел лидерлерінің Стамбұлдағы кездесуіне сай Түркия мен Ресей көзқарас айырмашылықтарының ортақ мүддені зақымдауына орай бермеді. Энергиядан құрылысқа, туризмнен саудаға дейінгі көптеген саладағы қарым-қатынастар дамып келеді. Көп үйекті ғалам, өз ақшасымен сауда жасау, аймақтық мәселелерді аймақ елдері шешу сияқты бірсыпыра тақырыптарда екі жақтың келісе алатынын көруге болады. Шешім күткен мәселелер де аз емес. Стамбұлдағы саммит аймақтық оқиғаларға шоғырланғандықтан екі елге байланысты визасыз кіру, еркін сауда, экспорт өнімдерін бақылау және квоталар, қос азаматтық сияқты тақырыптар күн тәртіпке келмеді.

Түркия мен Ресейдің соңғы жылдарда бекемделген ынтымақтастығы аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа кепіл болуда. Шығыс Еуропадан Шығыс Жерорта теңізіне, Балқаннан Таяу Шығысқа, Орталық Азиядан Кавказға созылған аймақта түрік-орыс ынтымақтастығы жалғасатын болса,  басқа шетелдік күштер осы аймақта ат ойната алмайды, аймақ лидерлері тағдырларын белгілеу құқығына ие болады.



Ұқсас жаңалықтар