Дүние жүзіндегі алғашқы су асты мұражайы - Түркияда

Бұларды білетін бе едіңіз? - 8

1150390
Дүние жүзіндегі алғашқы су асты мұражайы - Түркияда

 

Дүние жүзіндегі алғашқы су асты археология мұражайының Түркияда Бодрумда екенін білетін бе едіңіз?

Бодрумдағы Су асты археология мұражайы -  әлемнің және Түркияның алғашқы су асты археология мұражайы.  2004 жылы Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан «Ұлттық мұражайлар» тізіміне алынды.  Мұражайда Бодрум аймағындағы су асты археологиясының жәдігерлері,  тарих бойы теңізбен етене жақын болған өркениеттердің туындылары көрмеге қойылған.

14 бөлек залда көрмеге қойылған жәдігерлер арасында ханшайым қабірін, қайта құрастырылған батқан кеме және тарихи зергерлік бұйымдарын көруге болады.

Бодрум Су асты археология мұражайы 1995 жылы Швецияда Еуропа Мұражай форумының Жылдың Үздік мұражайы байқауына Түркия атынан қатысып, жүлде алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар