Жаһандық өзгерістер кезеңі: Түркия және мықты лидерлігі

Түрік сыртқы саясатының бағдары 51

1112049
Жаһандық өзгерістер кезеңі: Түркия және мықты лидерлігі

Соңғы жылдары аймақтық және жаһандық деңгейде маңызды өзгерістерге куә болудамыз. Ал, осы өзгерістердің артынан жалғастыра алатын бір құрылым ретінде не келеді немесе не келуге тиісті? Қай жүйе аймақтық/жаһандық тәртіпті қамтамасыз ете алады? Негізінде Қытайдың «бір белдеу, бір жол» инициативасы, Ресейдің Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропадағы күресі, Еуроодақ жобасы мен АҚШ басшылығындағы либералдық әлем тәртібі әрқашан осы сұрақтарға қайтарылатын жауап ретінде бағытталған бастамалар.

Қытай және Ресей құрлыққа бағынышты, демократиялық емес империялық дәстүрдің мұрагерлері болып табылады. Кеңеюші бастамалар идеологияларға емес, жағрапияға сүйенеді. АҚШ болса II-ші дүниежүзілік соғыстың артынан Ұлыбритания және басқа одақтас елдер ынтымақтасу арқылы либералдық тәртіп қалыптастырды. Мақсат екі дүниежүзілік соғысқа жол ашқан шарттардың қайтадан ортаға шығуын алдын алу. Осы мақсатпен демократиялық елдер (құқық мемлекеті, мемлекеттердің егемендігі, адам құқықтары мен шекара тұтастығына құрмет негізінде) либералдық халықаралық жүйе құруға талпынды. Осылардың барлығы әлемнің түкпір-түкпірінде бірдей іске қосылып, сондай-ақ барша осыған қосылатын және еріктілік негізіне сүйенетін. Бейбітшілікті қамтамасыз ету, экономикалық өркендеу, сауда және инвестиция үшін халықаралық мекемелер (БҰҰ, Әлем Банкі, Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік сауда ұйымы) қалыптастыратын. Либералдық әлем тәртібі қырғиқабақ соғыс аяқталып, Кеңес үкіметінің ыдырауымен одан көп және мықты болып көрінді. Дегенмен қазіргі сатыда осы тәртіптің болашағы белгісіз. Әйтсе де, осы тәртіптің өзі бұрын болмаған қиындықтармен бетпе-бет.

Әлемді тұтас деп қабылдау уақыт өткен сайын қиынға түседі. Жаһандық орта құру талпыныстары табыссыз аяқталуда. Қолдаушылық/қорғаушылық өрбуде жаһандық сауда келіссөздерінің соңғы туры нәтиже бермеді. Кибер алаңының қолданысын реттейтін өте аз ереже бар. Әрқайсысы өзіне тән аймақтық тәртіптердің немесе тәртіпсіздіктің ортаға шығуына куә болудамыз. Осыған ең мықты үлгі күдіксіз бүгін Сириядағы оқиғалар. Түркия Республикасының Евфрат қалқаны және Зәйтүн бұтағы операцияларымен осы алаңда басқашалығы көрінеді. Түркия ұзақ мерзімде Сирияда Асад режимі, Ресей, АҚШ және Ираннан әлде қайда жақсы тұғырда.

Асад режимі азсанды этникалық және діни бір диктаторлық, Иран шетелдік шиіт басқыншысы, Ресейдің Асад пен Иранға берген қолдауымен ластанғанына қоса, Сирия әуежайларына қоныстандырған әуе болмысынан басқа онша күші жоқ. АҚШ болса бөлшектеуші террор ұйымының Сирия тармағымен ортақ қозғалып, Сириядағы заңдылық мәселесін түсіндіре алмай отыр.

Басқа жағынан Түркия Асадқа қарсы мықты оппозициялық топтарға қолдау береді. Арабтар мен түріктер ортақ бір тарих пен діни салтқа ие. Осы жағдай Асад режиміне қарсы ортақ күреспен бірге Түркияның мүддесіне болмақ. Ресей және Иранмен салыстырғанда Сирияда күш қолданатын әскери жасақпен қозғалудың жағрафиялық тұрғыдан Түркия үшін жеңіл болу да тағы бір басымдылық. Түркия Республикасы бүгін әртүрлі қысымды қабылдамай тәуелсіз бір сыртқы саясат қадағалауда. Осы ұстанымды қалаушысы болса сөзсіз Түркия Республикасының мықты билігі, яғни Режеп Тайып Ердоған.

Ешбір адам екіншісіне ұқсамайды. Басшылар да дәл солай. Әсіресе жаһандық өзгеріс кезеңдерінде қызмет еткісі келген, жауапкершілік алған басшылар ақылдары, жомарттықтары, адалдығы мен батылдықтары ешкімге ұқсамайды. Осы тұрғыдан Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған харизмалық көшбасшы ретінде алға шығады.

Харизма ұғымы тарихи тұрғыдан «қабілетті» деген мағынаға келетін бұрынғы грек сөзі болып табылады. Бұрынғы грек тілінде харизма сөзі «қасиетті шабыт қабілеті» немесе «қасиетті сыйлық» деген мағынаға келеді. Кейін осы болжам сияқты қабілетті қажет қылатын жұмыстарды жүзеге асыру үшін қабілеттерді түсіндіру мақсатымен қолданылды. Харизмалық көшбасшылар - жетектеуші, шабытты және сенімді, құрмет сезімін ояндыратын, болашаққа бағытталған болымды сананы ынталандырған, қадағалаушылардың өмірінде шынында да маңызды нәрселерді жеңіл байқаған, қызмет ету сезімталдығы мен мотивациялық ұстанымдар ортаға қойған тұлғалар.

Лидерлік тек қана бір партияның төрағасы болу емес. Тіпті премьер-министр немесе президент болу деген мағынаға да келмейді. Лидер – халыққа жақын, халықты түсінетін, олардың мәселелерін тілге тиек етіп, оларды қолдайтын адам болып табылады. Осы ерекшеліктерге ие президент Режеп Тайып Ердоған бүгін тек қана Түркияның ғана емес, Түрік-Ислам әлемінің табиғи лидеріне айналған.

Қазір аймағымыз және ғаламшарымыз мұның алдында да атап көрсеткендей бір өзгеріс және жаңару кезеңінде. Пилотсыз ұшу аппараттарының, кибер соғыстардың, үш өлшемді принтерлер мен басқа да жаңалықтарды біріктіру, күштің бірнеше орында жинақталуынан гөрі көптеген мемлекет пен мемлекеттен тыс актерлер арасында бөлісуін қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда адамзаттың саяси жетілуінде либералды демократияның соңғы сөз еместігін байқаймыз. Әлемде нақты түрде жеңіске жететін жалғыз жүйе күдіксіз ел ішінде азаматтарына өте көп абырой ұсынған және шетелде өзіне бағынышты және одақтас болғандарды одан көп үміттендіретін бір жүйе. Осы жүйенің президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында Түркия тарапынан іске қосылғанын айтқан жөн.



Ұқсас жаңалықтар