Мехмет Керей Хан

Түркі өркениетіндегі ұлы тұлғалар - 17

983477
Мехмет Керей Хан

Он алтыншы ғасырға келгенде Қырым хандығы Алтын Орданың мұрагерлерінің арасындағы ең мықты мемлекетке айналды. Жайықтың батысындағы Қазан, Қасым және Астрахан хандықтары мен Ноғай Ордасы Қырым хандығының ықпалында қалды. Он бесінші ғасырдың ортасына дейін бұл өңірдегі текетірес негізінен Қырым хандығы мен Мәскеу кінәздігі арасында өтті. Олай болса бүгінгі бағдарламамыз Қырым хандығының Қажы Керей мен Меңлі Керейден кейінгі билеушісі Мехмет Керей хан туралы болмақ.

Ұлы тұлғамыз 1465 жылы туылып, 1523 жылы қайтыс болған. Әкесі Меңлі Керей Қырым хандығының билеушісі еді. Ұлы тұлғамыз Қырым ханының тұңғыш ұлы еді. Мехмет Керей әкесінің жорықтарына жастайынан қатысқан болатын. Мысалға Мехмет Керей Қырым хандығының Польша Литва одағына қарсы соғыстарында ерекше көзге түскен еді. Осы ерлігіне байланысты Меңлі Керей оны өзінің мұрагері деп жариялады. Қырым хандығында тақ мұрагеріне «қалға» деген ат берілетін. Бұл атақты Меңлі Керей хандықтағы тақ таласының алдын алу үшін енгізген еді. Бұған сәйкес, бір хан таққа шыққан кезде қалғаны да тағайындайды. Басқаша айтқанда, келесі ханның кім болатындығы ерте кезден белгілі болғандықтан, басқа ағайындар тақ үшін талас жүргізбейді. Қалғалар негізінен хан тұқымынан тағайындалғандықтан оларды қалға-сұлтан деп атайтын. Қалғалар әдетте Қырымның Ақмешіт қаласын билейтін еді.

Қалға Мехмет Керей Ақмешіт және Қарасубасар қалаларын билеген еді. Әкесінің билігінің соңғы жылдарында ұлы тұлғамыз қол бастап, белсенді саясат жүргізді. 1505 жылы Мехмет Керей Литваға үлкен жорық ұйымдастырып, Минск, Новогрудка, Полоцка и Витебска қалаларын қиратты. 1507 жылы Мехмет Керей қалға-мұрагер ретінде әкесінің орыс жерлеріне жасаған жорықтарына қолбасшы болып қатысты. Бірақ енді ғана орыс жерлерінің шетіне жеткенде, ноғайлардың Қырымға шабуылдағандығын туралы хабар келді. Меңлі Керей хан ноғайларды тоқтатуға кеткенде, Мехмет Керей бас қолбасшы ретінде әрекет етті. Алайда ұлы тұлғамыз аттан құлап, бұл жорық аз ғана уақытқа созылды.

1509 жылы Ноғай Ордасының биі Ағиша Қырымға шабуыл жасауды жоспарлап жатқан еді. Оған қарсы Меңлі Керей хан екі жүз елу мыңдық қол жинап, бұл қалың қолға Мехмет Керейді бас қолбасшы қылып тағайындады. Ноғайлар енді ғана Еділді өтіп жатқандарында сол жерге жетіп барған Мехмет Керей ноғай қолын ойсырата жеңіп, көп олжа қолға түсірді. Дәл сол секілді жорыққа 1510 жылы ұлы тұлғамыз қолбасшылық еті. 1512 жылдан бастап, Мехмет Керей орыс жерлеріне шабуыл жасады. Бірақ бұл жолы Мәскеу кінәздігінің қызметіндегі Қасым хандығы жасақтары Қырым әскерлеріне төтеп берді. 1514 жылы күзде Мехмет Керей орыс жерлеріне қайта жорыққа шықты. Бірақ бұл жолы да жорығы сәтсіз аяқталды. 1515 жылы наурыз айында Мехмет Керей литвалықтармен одақ құрып, орыс жерлеріне шабуыл жасайды. Бұл жолы қырымдықтар Новгород-Северский, Стародуб және Чернигов қалаларын қиратып, көп олжа қолға түсіреді.

1515 жылы сәуір айында Қырым ханы Меңлі Керей қайтыс болды. Бұл кезде қалға сұлтан  Мехмет Керей жорықта еді. Ұлы тұлғамыз жорықтан тек қырық күннен кейін ғана оралды. Осы аралықта Меңлі Керей ханның өлімі жасырын түрде сақталды. Меңлі Керей жорықтан келгеннен кейін Қырым хандығы тағына шықты. Ұлы тұлғамыз өзінің інісі Ахмет Керейді қалға деп жариялады. Бірақ көп уақыт өтпей Ахмет Керей Мехмет Керейге қарсы бүлік шығарып, соғыс бастады. Бүлікші қалға Мәскеу кінәзі Василий III Ивановичпен одақ құрып, Қырым хандығының одақтасы Литваға қарсы шабуыл жасай бастады. Енді бір жағынан Ахмет Керей Османлы падишахына хат жазып, одан ағасына қарсы күресте қолдау сұрап, Ыстанбұлға баласы Химмет Керейді елші қылып жіберді. 1519 жылы көктемде Мехмет Керей ұлдары Бахадыр мен Алып Керейге қалың қол беріп, Ахмет Керейге қарсы аттандырды. Осы жорықтың нәтижесінде бүлік бастырылды. Осыдан кейін ұлы тұлғамыз үлкен ұлы Бахадыр Керейді қалға деп жариялады. Ал 1523 жылы Бахадыр Керей Астрахан тағына хан болып шыққанда, Алып Керей қалға болып жарияланды.

Ұлы тұлғамыздың бүкіл саясаты ұсақ хандықтарға ыдыраған Алтын Орданың тұтастығын қайта қалыптастыру болды. Расында да Меңлі Керейдің Үлкен Орданы талқандағаннан кейін Қырым хандығы ең мықты хандыққа айналған еді. 1519 жылы Жайықтың шығысындағы Қазақ хандығы Ноғай ордасына шабуыл жасады. Осы шабуылға байланысты ноғайлар Қырым ханынан пана сұрауға мәжбүр болды. Ақырында Ноғай ордасы Қырым хандығының билігін мойындады. 1518 жылы желтоқсан айында перзенті болмаған Қазан ханы Мұхаммед Әмин қайтыс болды. Қазан тағына Мәскеу кінәздігі өзінің қолындағы Шах Алиді шығарды. Алайда бұл жағдайға Қазан мырзалары наразылық білдіріп оған қарсы соғыс бастады. Қазан мырзалары Мехмет Керейден қолдау сұрап, Қазан хандығы тағына өзінің бір туысын отырғызуын өтінді. Осы өтінішке сай, Мехмет Керей хан өзінің інісі Сахип Керейді Қазан тағына шығарды.

1521 жылы Мехмет Керей Қазан хандығы, Литва кінәздігі, Ноғай ордасымен келісіп, орыс жерлеріне жорыққа шықты. Бұл он бесінші ғасырдан бері орыс жеріне жасалған ең ауқымды шабуыл болды. Осы жорықтың нәтижесінде Мәскеу кінәздігі Қырым хандығына Алтын Ордаға төлеп тұрған мөлшерде салық төлеуге келісуге мәжбүр болды.



Ұқсас жаңалықтар