Күн Тәртібі-06

Түркия 30 жылдан бері терроризммен табанды түрде күресуде.

907311
Күн Тәртібі-06

Түркия 30 жылдан бері терроризммен табанды түрде күресуде. Осы барыста PKK террор ұйымының террорлық шабуылдары кесірінен мыңдаған адам қайтыс болды, сондай-ақ Түркия үлкен материалдық және рухани шығынға ұшырады. Алайда соңғы жылдарда Түркияның PKK террор ұйымымен күресіне ДАИШ қосылды. Ирак және Сирияда болған былықпадан пайдаланып ДАИШ-тің жарыққа шығуы және Түркияға шабуыл жасай бастауымен бұрынғы террор ұйымына жаңа бір террор ұйымы қосылған болды.

Бұл жағдай Түркияның PKK-мен қатар ДАИШ-ке қарсы ықпалды бір күрес бастауына апарып соқты. Осылайша Түрік Қарулы Күштері ДАИШ және PKK-ға қарсы операциялар жүргізіп, террор қауіптерін түбегейлі жоюға тырысуда. ДАИШ және PKK Сириядағы былықпадан пайдаланып, Сирия территориясында логистикалық және қауіпсіз аймақ құрды. ДАИШ және PKK террор ұйымдарынан келген қауіп-қатер үшін Түркия шекара тысына операция жасауға мәжбүр болды. Евфрат қалқаны операциясы арқылы ДАИШ террористтерін тазалаған Түркия Зәйтүн бұтағы операциясы арқылы да PKK-ның Сирия қолы болған YPG-ге қарсы маңызды бір қадам басты.

Африн аймағын талай жылдан бері басқару астына алған YPG террор ұйымы Түркияның ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан үлкен қауіп төндіруде. Аманос таулары арқылы Түркияға YPG  террористтері өткен болатын. Африн аймағындағы  YPG террористтері Түркия үшін ұлттық бір қауіп. Мысалы Сириядан Түркияға кірген көптеген қару жүйелері операция барысында Түрік Қарулы Күштері тарапынан қолға түсірілді. YPG-нің Афринде бар болуы сонымен қатар PKK-ға сарбаздар жіберілуіне мүмкіндік жаратуда. Африндегі YPG сарбаздары халықаралық пропагандалар жасауда. Олар әрі Түркия ішінде, әрі шетелде Түркияға қарсы айтақтау әрекетін жасап, PKK террор ұйымы үшін пропаганда жағынан қолдау көрсетуде. YPG-нің әсіресе Килис және Рейханлыға жасаған шабуылдарда көптеген адам қаза тапты. Зәйтүн бұтағы операциясының табысты түрде аяқталуы Түркияның шекара қауіпсіздігін орнатады. Африндегі YPG террор ұйымының жойылуы PKK-ның Түркияның оңтүстік шекараларында Ирактан Жерорта теңізіне баратын террор коридорын құру қиялын тосады.

PKK-ның Сириядағы қолы YPG-нің Сирия территориясында ойнақ салуы Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірумен қатар Сирияның территория тұтастығы үшін де үлкен қатер болуда. Мысалы YPG қарасты болған KCK ауыз жүзіндегі әкімшілігі Сирия, Иран, Ирак және Түркияның территорияларын қамтыған «Күрдістан» қиялынан бас тартқан жоқ. Афринде YPG-нің қолынан қолға түсірілген аймақтағы ауыз жүзіндегі басқармаларында және басқа орындарда осы карта көп байқалуда. YPG өз билігі астындағы аймақтарда ауыз жүзіндегі Солтүстік Сирия федералдық аймағын жариялаған және өзінше сайлау өткізген болатын.

Енді бір жағынан Түркияның Зәйтүн бұтағы операциясы Афринді YPG террор ұйымынан тазалап, Африн аймағындағы жергілікті халықты террор қысымдарынан құтқаруды да мақсат етуде. Баршаға аян Афринде адам саны көбінесе сириялық күрдтерден құралуда. Көптеген күрд YPG-нің зұлматынан қашып, Түркия, Ирак және Еуропа елдерін паналауда. Тек Түркияның өзінде YPG-ден қашқан 300 сириялық күрд өмір сүруде. Афринде өмір сүрген және қашқысы келген сириялық күрдтердің YPG тарапынан тосқаны және жібермегені білінуде. Түркия сириялықтардан құралған Ұлттық армиямен бірлесе отырып, Афринді YPG террористтерінен құтқаруды нысаналауда. Түркияның Африн аймағына таратқан хаттамасында «Африн Африн халқыныкі» деген сөздері Түркияның мақсатын білдіруде.

Зәйтүн бұтағы операциясы Түркия тұрғысынан бірқатар шындықтардың нәтижесінде басталған бір әскери операция болып табылады. Түркияның мақсаты сириялықтардан құралған Ұлттық армиямен бірлесе отырып, Афринді YPG террористтерінің зұлматынан азат ету. Сондай-ақ Түркия Зәйтүн бұтағы операциясы арқылы YPG террористтерін жойып, әрі Сирияның территория тұтастығын қорғау, әрі сириялық күрдтерді YPG қысымынан құтқарады.  ДАИШ-тің Түркия шекарасынан тазалануынан кейін Түркия ішіндегі ДАИШ террор шабуылдарында байқалған азайю және YPG-нің Түркияның шекарасынан тазаланған жағдайда айқын көріледі.

Зәйтүн бұтағы операциясы PKK мен YPG-нің аймақтағы ықпалын әлсіретеді. Манбидж, Эль-Хасака, Ракка және Дейр-эз-зорда террор ұйымы тарапынан езіліп-жаншылған халық еңсесін көтере бастады. Манбиджте халық ереуіл жасады. Террорды қолдаған Америка Құрама Штаттары сынды елдер бұл оқиғаның шығынды болатынын және тұңғиыққа тірелгенін түсіне бастайды. 



Ұқсас жаңалықтар