Рамазан айы - Құран Кәрім түсе бастаған ай

Дін және ахлак – 35

796720
Рамазан айы - Құран Кәрім түсе бастаған ай

Рамазан айы - Құран Кәрім түсе бастаған ай.

Рамазан айы - Құран Кәрім түсе бастаған ай. Сондықтан мұсылмандар арасында Рамазан айы «Құран айы» деп те аталады. Рамазан айында мұсылмандар түрліше ғибадаттармен қоса, Құран Кәрімді де көп оқиды.

Бір ай бойынша Құран Кәрімді толық оқып, хатим түсіруді мақсат етеді. Егер Құран Кәрімді топтық ортада бір кісі дауыстап оқыса, басқалары оны тыңдаса Исламның «Мұкабеле» деген дәстүрін орындаған саналады.

Мұкабеле – салыстыру, беттестіру, қарымжы деген мағыналарға келеді.

Ислам дәстүрінде «Мұкабеледен» сөз қозғалғанда Жәбірейіл мен Пайғамбарымыздың  Рамазан айларында Құран Кәрімді кезекпен оқығаны байқалады. Осы оқу Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан бұрынғы рамазан айында  екі рет қайталанған. Осы оқудағы мақсат әрі талқылау болған. Пайғамбарымыз  Жәбірейілмен бірге Құран оқыған кезде, сонымен бірге аяттар мен сүрелердің орны анықталған және сөздер мен сөйлемдердің туралығы жөнге салынған. Осы оқу жұмысын қайтадан бақылау және тура түсінуді негіз еткен бір жұмыс деп қарауға болады. Осы дәстүр бүгін де мұсылмандар арасында кең көлемде жалғасып келеді.

Әр жылғы Рамазан айы мұсылмандарға осы жұмыс үшін тамаша орай жаратады. Құран Кәрімді оқудың өзі бір ғибадат болып табылады.

Құран Кәрім  жанұяларды нұрландырады.

Пайғамбарымыз «Үйлерді намаз қылу және Құран Кәрім оқу арқылы нұрландырыңыз» деп бұйырған. Құран Кәрім оқылмаған үйлерді «үйіндіге» ұқсатқан.  «Адамдардың ең қайырымдысы Құран Кәрімді оқып, оны тамамдағандар» деу арқылы басынан соңына дейін оқудың, яғни хатым түсірудің маңыздылығын дәріптеген. Құран Кәрімді оқу  осы мағынадан алғанда бір ғибадат. Алайда оны өз тілімізде түсініп, оқуымыз біздің жауапкерлігімізде. Түп нұсқасынан, арабшасынан оқығанымызда арабша білсек те ана тіліміздегідей көптеген нәрсені түсінбеуіміз мүмкін. Сондықтан Алланың мұсылмандар ретінде біздерге не айтқанын, бізден не күткенін, бізге нелерді насихаттағанын түсінуіміз үшін түсіндірмелі аудармаларынан пайдаланғанымыз жөн.

Адамдар сөзсіз арабша түп нұсқасынан оқу керектігін және ғибадаттың осылай жасалатынын үйренгені үшін мағынасын түсініп оқуға тым көңіл бөлмеулері мүмкін.  Алайда түсініп оқу талпыныстарының өзі де Алланың әмірі болғандықтан ұқсас өреде сауап және ғибадат мағынасына келеді.

Алла өз кітабын түсінуіміз және пайдалануымыз үшін түсіргенін Зүмәр сүресінің 41-ші аятында былай баяндаған:

«Мұхаммед Ғалайһіссалам, расында Құранды саған адам баласы үшін шындық бойынша түсірдік. Сонда кім тура жолға түссе, өзі үшін. Ал кім адасса, ол өз зиянына. Сен оларға кепіл емессің.»

Пайдалану немесе пайдаланбау бізге байланысты. Алайда осыған шешім жасауымыз үшін де түсініп, оқуымыз шарт. Осындай жауапкерлікті үстімізге алуымыз үшін де түсініп, оқуымыз шарт. Бүгін салыстыру дәстүріне осы да қосылған. Яғни адамдар Құранды түп нұсқасынан оқып, хатим түсірумен қоса, мағынасынан оқып, өз тілінде де хатим түсіруде.

Пайғамбарымыз «Алланың кітабын оқыған және оны талқылаған қауымды Алла игілігіне бөлейтінін және періштелердің қоршайтынын» білдіріп, мұсылмандарды Құран Кәрімді оқуға және мағынасын түсінуге шабыттандырған.

Мұкабеле тек мешіттерде ғана жасалатын ғибадат емес. Адамдардың үйлерінде жиналып та жасауына болады. Егер хатим түсіргілері келсе радиодан, теледидардан және ғаламторлардан пайдалануына болады. Хафыздардың тамаша дауысымен таспаға түсірілген Құранды тыңдауларына болады. Осылардың барлығы да Алланың алдында құнды жұмыстар болмақ.

Рамазан айына тән ғибадаттардың бірі тәрауық намазы. Жашиық намазынан кейін оқылатын тәрауық намазы  Пайғамбарымыздың сүндеті. Пайғамбарымыз көп болғанда 20 рекат оқылатын тәрауық намазын кемінде сегіз рекат оқуымызды насихаттаған. Тәрауық намазы - жамағатпен оқылатын намаз түрі. Рамазан айы бойынша адамдардың Құран Кәріммен кездесуінің өзге бір орайы да тәрауық намазы. Намазда Құран Кәрімнен бөлімдер оқу шарт. Тәрауық сияқты ұзын намазда көбінесе Құран Кәрім оқылады. Пайғамбарымыздың дәуірінен бастап «Хатим мен тәрауық намазын оқу» дәстүрі жалғасқан. Тәрауық намазын жамағатпен оқыған кезде 20 рекатта бітеді. Имам әр бір рекатта бір бет Құран Кәрім оқып, бір тәрауық намазы бойынша 20 беттік бір жүзді оқып тауысады. Осылайша рамазанның соңында 30 жүз тамамдалып, хатим түсірілген саналады.

Пайғамбарымыз Рамазан айында бір мешітке келгенінде мешітте намаз қылған адамдарды меңзеп, не істегендерін сұрайды. Сонда тұрғандардың бірі «Олар Құран Кәрімнің барлығын жаттай алмаған адамдар. Убей    б. Каб оларға хатиммен намаз қылдыруда» деп жауап береді.

Пайғамбарымыз разы болғанын білдіріп «Тура істеген екен, жасағандары тамаша» дейді. Сол дәуірден басталған және Пайғамбарымыздың мақұлдауы мен мақтауын алған осы дәстүр қазір әсіресе үлкен және орталық мешіттерде жалғасуда.

Рамазан айы - көптеген салада білімімізді арттыратын ай. Қалай тәрбиеленетінімізді, қандай әрекеттер жасап, қайсыларынан сақтануымыз керектігін еске алу үшін Алланың кітабына жүгінгеніміз жақсы болар. 



Ұқсас жаңалықтар