Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы - Түріксой

Түркия және Евразия тынысы 09

684145
Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы - Түріксой
Türksoy Turksoy Dede Korkut tiyatro
19. türksoy ressamlar buluşması 5.jpg
Türksoy konser
türksoy cumhurbaşkanı nevruz
türksoy cumhurbaşkanı nevruz

Қоғамдық дипломатиялық жұмыстар әсіресе 2000 жылдары халықаралық қарым-қатынастардың маңызды ұғымдарының біріне айналды. Қазір болса маңызды бір сыртқы саясат құралы. Қырғи қабақ соғыс кезеңі аяқталған соң ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жылдам өсуі қоғамдық дипломатияны жаңа бір концепцияға айналдырды. Түркия 2000 жылдарынан бастап, сыртқы саясатта тарихи және мәдени мұрасын да назарға ала отырып, көп тұсты сыртқы саясат жүргізуде. Бұл аяда қоғамдық дипломатиялық жұмыстар ықпалды бір сыртқы саясат құралы. Түрік сыртқы саясатының бұрыннан келе жатқан салаларының бірі ретінде Түркістан жағрапиясы (Орталық Азия мемлекеттері) барлық жаһандық күштер назар аударған жағрапиялардың басында келеді. Осы себепті аймаққа бағытталған маңызды іс-шаралар жүзеге асырған Халықаралық Түріксой ұйымының жұмыстарын таныстырғымыз келеді.

 Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы ретінде қабылданған Халықаралық Түріксой ұйымы 1993 жылы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия Республикаларының мәдениет министрлері тарапынан қол қойылған келісім негізінде құрылды. Кейін Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Ресей Федерациясына қарасты Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Саха, Тыва және Хакас автономды республикаларына қоса Молдоваға қарасты Гагаузия Автономиялық Республикасы да Түріксойға бақылаушы мүше ретінде қосылды.

Түріксой құрамында 6 құрушы және 8 бақылаушы елден тұратын барлығы 14 мүше бар.

Түріксой 24 жылдан бері түрік халықтарының бауырластығын күшейту, ортақ түрік мәдениетін келесі ұрпаққа жеткізу және әлемге таныту үшін қызмет етіп келеді. Бастапқыда «Түріксой» Түркі мәдениеті мен өнерін дамытудың халықаралық ұйымы деген мағынаны білдіретін. Кейін аты «Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы» деп өзгерді.

Түріксойдың жұмыстарын Түркі тілдес республикалардың Мәдениет министрлері тұрақты кеңесі белгілейді. Тұрақты кеңес жиналыстарында қабылданған шешімдер Түріксой Бас хатшылығы тарапынан іске асырылады. Түріксой суретшілер кездесуі, опера күндері, әдебиет конгрестері сияқты дәстүрлі жұмыстар ұйымдастырады. Осылайша түркі әлемінен ғалым мен өнер адамдары арасында тәжірибе алмасуға мүмкіншілік береді.

2010 жылы ЮНЕСКО бас ғимаратында, 2011 жылы БҰҰ Жалпы Кеңесінде жүзеге асқан түркі әлемінің ортақ мерекесі «Наурыз» Түріксой тарапынан ұйымдастырылған мәдени іс-шаралармен әлемге таныстырылды.

Түріксой жыл сайын әртүрлі мемлекеттен жүздеген өнер адамының қатысуымен театрдан киноға, музыкадан пластикалық өнерге дейін әртүрлі фестивальдер ұйымдастырады. Түріксой өз басылымдармен де түркі халықтарының бай мәдени мұрасын қоғамға жеткізеді. Түріксойдың журналы үш тілде (түрік, орыс және ағылшын тілдерінде) жарық көреді. Сондай-ақ Түріксой жариялаған басылымдар 14 елде түркі диалекттері мен тілдерінде оқырмандарға ұсынылады.

Түріксой ұйымдастырған еске алу жиындары мен аталған еске алу жылдары арқылы түрік мәдениетіне еңбегі сіңген зиялылар жастарға танытылады. Мәдени тіршілігімізге Түріксой қосқан үлестер арасында «Түркі әлемі мәдениет астанасы» іс-шаралары бар. Іс-шаралар аясында 2012 жылы Астана, 2013 жылы Эскишехир, 2014 жылы Қазан және 2015 жылы Түрікменстанның Мары қаласы «Түркі әлемінің мәдениет астанасы» ретінде сайланды. 2016 жылы «Түркі әлемі мәдениет астанасы» Шекиде болып өткен жиналысқа қатысқан делегация мүшелері бір ауыздан 2017 жылдың Түркі әлемі мәдениет астанасы ретінде Қазақстанның Түркістан қаласын сайлады. Бұрын «Яссы» деп аталған Түркістан қаласы сондай-ақ хикметтерімен түрік әлеміне ықпалы әлі күнге дейін жалғасқан Қожа Ахмед Ясауи дүниеге келіп, дүниеден озған қала болып табылады.

Түрік Кеңесі, Түркі Академиясы, Түрік мәдениет және мұрасы қоры - Түріксоймен ынтымақтастық жасаған халықаралық ұйымдардың кейбіреулері. Түріксой сондай-ақ принциптері мен мақсаттары тұрғысынан ұқсас қызмет атқарған UNESCO, ISESCO және ТМД елдері Гуманитарлық қоры сияқты халықаралық ұйымдармен де ынтымақтастық жүргізеді.

Түріксой Бас хатшылығы міндетін 2008 жылдың 29 мамыр күнінен бері Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет министрі профессор доктор Дүйсен Қасейінов атқарып келеді. Түркияның құрметті ғалымы профессор доктор Фырат Пурташ болса Бас хатшы орынбасары міндетін атқарады. Мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері тарапынан тағайындалған ел өкілдері де Түріксойда жұмыс істейді.

Түріксой Бас хатшылығы Түркияның Анкара қаласында орналасқан. Қазір Түріксой - Түркі тілдес мемлекеттер және қауымдастықтарына қызмет еткен басты мекемелердің бірі. Мүше және бақылаушы мүше елдердің Мәдениет және туризм министрліктерінің қолдауымен жұмыстарын жалғастырған Халықаралық Түріксой ұйымы көп тұсты ынтымақтастық және екі жақты қоғамдық дипломатиялық жұмыстары тұрғысынан маңызды бір мекеме болып табылады.

Ататүрік Университеті Халықаралық қатынастар кафедрасы ғылыми-зерттеу қызметкері Джемил Доғач Ипектің мақаласын ұсындық.

 



Ұқсас жаңалықтар