Түрік әлемінен жаңалықтар-9

IV Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы

684058
Түрік әлемінен жаңалықтар-9

 

IV 

2017 жылдың 26-28 сәуір аралығында Түркияның Нийде қаласында IV Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы  өтеді.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Қазақстан), Өмер Халисдемир университеті (Түркия), М.Акмулла атындағы башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы) мен Баку Еуразия университетінің (Әзербайжан) ұйымдастыруымен өтетін ғылыми жиын ең алдымен Түркі әлеміне қатысты зерттеулер жасап жүрген ғалымдардың басын қосып, ғылыми пікір алмасуға мүмкіндік жасауды мақсат етеді.

Симпозиумда түркі дүниесінің өзекті мәселелері, тіл, әдебиет, тарих, білім, мәдениет, өнер, халықаралық қатынастар, экономика, дін, философия, әлеуметтануға қатысты бірнеше тақырыптық сессиялар болады деп жоспарланған.

Аталған жиынға қатысу үшін ұйымдастыру алқасына наурыз айының үшінші жұлдызына дейін, тек түркі тілдерінің бірінде жазылған ғылыми мақала жолдау қажет. 

Айта кету керек, ТЭЗС алғаш рет 2014 жылы Нийде университетінде өткен болатын. Ал, ІІ симпозиум 2015 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, ІІІ симпозиум 2016 жылы Баку Еуразия университетінде ұйымдастырылды.

Ендігі жаңалығымыз Өзбекстан туралы.

АҚШ-Өзбекстан дипломатиялық қарым-қатынастарына 25 жыл болды. АҚШ Президенті Дональд Трамп мемлекетінің Өзбекстанның және көршілес елдердің егемендігі, тәуелсіздігі және территория тұтастығы, осы елдердің Орталық Азияның тіпті де дамуына және береке-бірліктің нығайтылуына бағытталған талпыныстарына қолдағанын білдірді.

Өзбекстан президенттік баспасөз офисінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Трамп Өзбекстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевке құттықтау хат жолдады.

Мирзеевті құттықтаған Трамп хатында «Біз екі жақты қарым-қатынастарда қол жеткізген табыстармен мақтанамыз. Алдымыздағы жылдарда аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылық алаңдарында сізбен көптеген ынтымақтастық жасауды ойлаймыз. АҚШ Өзбекстанның және оған көршілес елдердің егемендігі, тәуелсіздігі және территория тұтастығы, осы елдердің Орталық Азияның тіпті де дамуына және береке-бірліктің нығайтылуына бағытталған талпыныстарын қолдайды» деген сөздер қолданды.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев те Трампқа қайтарған хатында өткен кезеңде өзара достық пен қарым-қатынастардың мықты іргетасының қаланғанын меңзеп, жан-жақты ынтымақтастықтың тез қарқынды дамығанын түсіндірді.

Өзбекстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері мен негіздерінің өзгермей жалғасқанын баяндаған Мирзиеев Өзбекстанның АҚШ-пен дәстүрлі қарым-қатынастардың қорғалуы, жан-жақты ынтымақтастықтың жалғасты дамуы және нығайтылуы жағында екенін айтты.

Жаңалығымызды Қазақстанмен жалғастырамыз. «EXPO-2017» іс-шаралары аясында 10-маусымнан 10-қыркүйек күндері аралығында жиыны 3000-ға тарта іс-шаралардың ұйымдастырылатыны білдірілді.

Бағдарлама бойынша 10 маусым күні «Қазанат» ипподромында қамтылатын Қазақ ауылында қазақтың мәдениеті мен ұлттық спорты таныстырылады. Сонымен қатар Қазақ ауылында «Ұсталар ошағы», «Ұлттық тағам орталығы», «Ұлы Жібек Жолы базары» болады. Бір ғана «Астана Опера» театры көрермендеріне 70 қойылым ұсынып отыр. Ал, «Ла Скала» мен «Мариин» театрлары арнайы гастрольдік сапармен келеді.Қытай елшілігінің демеушілігімен әйгілі «Теракотенаты армиясы» Қазақстан ұлттық мұражайында көрсетіледі. Көне Египет археологиялық олжалары да тамашаланады. Сонымен қатар Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражайы Эрмитаж мұражайы мен Франция ұлттық мұражайлар одағы да құнды олжаларын әкеледі.

Астанада EXPO бағдарламасы аясында «Түрквидение» ән сайысымен жалғасады. Мәдени бағдарламалармен қатар спорттық іс-шаралар да болады.

Спорт бағдарламасы аясында болса 5  әлем және 2 Азия чемпионатының, футбол мен теннис сайыстарының ұйымдастырылатыны баяндалды.

Соңғы жаңалығымыз Татарстаннан.    Түркияның Қазандағы Бас консулы Турхан Дилмач «Түрік және татар тарихы ортақ» деді.    Дилмач Түркияның Татарстанға деген қызығушылығының күн өткен сайын артқанын айтты. Татар-Информ агенттігіне сұхбат берген Дилмач өзара жоғарғы деңгейдегі сапардың болымды қарым-қатынастарға  үлес қосқанына назар аударды. Дилмач «Адамдар газет-журналдарда Түркия премьер-министрінің Татарстанға сапарлай келгенін оқып біледі. Сондай-ақ Ресейде татар тілінде сөйлейтін аймақтардың болғанын және осы аймақтарда түркі халқының өмір сүргенін білуде және назар аударуда. Татарстан Президенті де Түркияға барғанда осындай хабар жариялануда» деді.     

Бас консул «Түрік халқына татар халқының тарихын түсіндіру үшін Маржани институтымен бірге Татарика атласы түрік тіліне аударылды. Атластың бір бөлімінде ортақ тарихымыз орын алуда. Волга болгарларының тарихы біздің тарихымыз болып табылады. Өйткені болгарлар ислам дінін қабылдаған тұңғыш түркітілдес халық. Татарлар мен түріктер арасындағы қарым-қатынастар 100-150 жыл бұрын қаланған. Татарларда Юсуф Акчура сынды көптеген ортақ тұлғалар бар. Мысалы Садри Максуди--солардың бірі. Ортақ тұлғалар әрі Түркияда, әрі Татарстанда екі түркі халық арасында ортақтықты нығайтады. Біз де осы үшін атсалысудамыз» деді.

                                                                                                                                                                                                  

 



Ұқсас жаңалықтар