Генерал Хафтердің Мәскеуден қолдау ізденісі

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 50

640429
Генерал Хафтердің Мәскеуден қолдау ізденісі

Ливия дағдарысына орын берілген алдынғы бағдарламамызда Ливия келіссөз тобы тарапынан келісім жасалған Ливия Саяси келісімі жайлы сөз қозғаған болатынбыз. Бұл келісімге қарағанда Ұлттық Келіссөз Үкіметінің 2016 жылы сәуір айынан бастап ел астанасы Триполиде жұмысқа кіріскенін атап көрсеткен едік. Ұлттық Келіссөз Үкіметін таныған қарулы күштерінің Сирте қаласына қоса бүкіл Ливия жерінен ДАИШ-ті шығару үшін операция бастағанына қарамастан Ұлттық Келіссөз Үкіметтің әлі үстемдігін орнатуда маңызды мәселелермен бетпе-бет екеніне назар аудардық. Көптеген мәселелердің басында қазір міндет мерзімі аяқталғанына қарамастан болмысын жалғастырған Тобруктағы Өкілдер Мәжілісі де бар. Өкілдер Мәжілісіне қарасты бір үкімет және оның әскери күшіне басшылық жасаған генерал Халифа Хафтер Ұлттық Келіссөз Үкіметі және ұлттық келіссөздің алдындағы ең үлкен тосқауыл болып отыр. Тіпті елдің шығысында уақыт өткен сайын күшін нығайтқан Хафтер аймақта бір әскери билік құруға бағытталған.

Ливияда бірлік үшін ізденістерге кедергі жасаған тағы маңызды бір фактор да ливиялық саяси топтарды шешім үстеліне отырғызуға тырысқан Ливиядан тыс актерлердің Ливия туралы саясаттарының бір-бірімен келіспеушілігі. Бүгін Ливиядағы жаңалықтар арқылы билікті бақылауына алғысы келген АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабиясы және тіпті Түркияның бір-бірімен ұйқасатын ортақ Ливия саясаты жоқ. Бұл жағдай әр қайсысының аталмыш үкіметті ресми билік ретінде танығанына қарамастан, әртүрлі ливиялық актерлерге қолдау беруі сияқты бір нәтижеге жол ашады. Сол себепті бұл жағдай ұлттық бірлік ізденістерінің бұзылуына себеп болуда.

Ливияның шығысында күн сайын күшейгеніне қарамастан Хафтердің қазіргі жағдайы мазасыздандыруда. Мысыр және Біріккен Араб Әмірліктері тарапынан ашық түрде, Франция және Сауд Арабиясы тарапынан қамтамасыз етілген жабық қолдау Хафтерді тез арада өзі қалаған бір шешімге апаруға жетпейді.

Хафтер Ресейдің Ливия мәселесіне белсенді араласуын қамтамасыз еткен жағдайда, дәл Сирияда болғандай ойынды өзгертуші бір роль ойнайтынына сенеді. Бұл себептен де ашық түрде Ресейдің қолдауын алу үшін ағымдағы жылдың ішінде екінші рет Ресейге сапар шекті.

Соңғы сапарына ықпал еткен фактор болса АҚШ президенттік сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жетуі. Трамптың жаңа Таяу Шығыс саясаты тақырыбында жасаған мәлімдемелері барлық исламшыларды жаппай террорист категориясында бағалағаны себепті Сиси мен Путинді жақтаушы сөйлемдерінің Хафтерді ынталандырды. Хафтер Трамптың президенттігі кезеңінде АҚШ, Мысыр және Ресей арасында Таяу Шығыста жаңа бір ынтымақтастық пайда болады деп ойлайды. Сол себепті Хафтер осындай бір одақтастықтың Ливиядағы таңдауының Тобрук үкіметі болатынын болжайды. Генерал Хафтер осы себепті орыстардан қару-жарақ және оқу-жаттығуды қамтитындай әскери қолдау сұру үшін Мәскеуге барды.

Егер Мәскеу әкімшілігі Ливия мәселесінде тараптардың бірін жақтайтын болса, бұл шынында да жағдайды өзгертеді. Ал, Мәскеу осындай бір таңдау жасай ма?

Сириядағы ұстанымнан бөлек Ресей қазірге дейін Ливия мәселесіне араласудан бастартты және қазірге дейін де БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ливияға қатысты ешбір шешімді вето етпеді. Сондай-ақ соңғы екі жылдың аясында Ливия саяси келіссөздері мен ортаға шыққан келісімді Ресей қолдады. Тіпті Ұлттық Келіссөз Үкіметін де таныды. Осыған қоса, Ресейдің Хафтер мен Тобрук үкіметіне жылы қарағаны да белгілі. Ливия мәселесінде Ресейдің тұғыры Франция, Мысыр және Біріккен Араб Әмірліктеріне жақын.

Ресей Сыртқы істер министрі Лавровпен кездесуінде қалаған әскери қолдауды алу үшін Хафтер «ортақ дұшпан терроризм» тақырыбын пайдалануға тырысты. Бірақ Кремльдің ресми мәлімдемешісі Ресейдің бұл қолдауды беретіні жайлы кезкелген бір мәлімдеме жасамады. Бұған қоса мәлімдемеші Ресейдің Ливияда әртүрлі саяси тараптармен байланыста екенін және Хафтермен жүзеге асқан кездесулерінің де бұл кезеңнің бір бөлігі екенін атап көрсетті. Сондай-ақ Ресей ресми хабар агенттігінің Лавров пен Хафтер кездесуі жайлы жариялаған жаңалығы күткен қолдаудың берілмегенін көрсетпейді. Лавров Хафтерге Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шешімдеріне қарағанда Ливияда ұлттық келіссөз ізденістерінің қолдаушысы екенін білдірген болатын.

Трамп сайлау науқаны кезінде Обама әкімшілігі мен Хиллари Клинтонды Ливия саясаты себепті жиі сынға алған еді. Сондай-ақ Путин жайлы болымды көзқарас білдірген Трамп президент болған соң Таяу Шығыста Ресеймен қақтығыс емес, ынтымақтастықтың жолын іздейтінін атап көрсеткен болатын. Міне осы себептің Хафтер қолдаушылары Трамптың жеңісін өздері үшін бір жаңалық екенін байқап, құттықтады. Оларға қарағанда Трамп Ливия тақырыбында әл-Сисимен келіседі, аймақта Ресеймен ынтымақтастық жасап, Ливия қақтығысында Ресейдің белсенді роліне наразылық көрсетпейтін болады. Бұл белсенді рол әрине Тобрук үкіметі мен Хафтердің әскери жасақтарына әскери және саяси қолдау көрсетуімен мүмкін сияқты көрінетін.

Ресейдің ресми мәлімдемелеріне қарағанда Ресей қазірше Ливияда ұлттық келіссөзді қамтамасыз ету бағытында БҰҰ басшылығындағы халықаралық бастамаларға қолдау береді. Бірақ Сириядағы жаңалықтардан байқағанымыз, Ресей халықаралық қоғаммен консенсус орнату тақырыбын уайымдамайды. Қажет жағдайда өз шешімі мен айтуға тиісті альтернативаны басқаларға жеткізуден бастартпайтынын Украина мен Сириядағы оқиғалар арқылы көрсетті.

Қазір Солтүстік Африканың жағдайы және батыстық елдердің бір-бірімен ауыз бірлікпен саясат жетілдірудегі қабілетсіздіктері негізінде Ливияда жерінде Ресейге ыңғайлы ортаны ұсынады. Дегенмен Ресей мүмкіншіліктері мен күшінің шегіне шыққысы келмейді.



Ұқсас жаңалықтар