Түркия Иракта тұрақтылық пен бейбітшілік қалайды

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 41

603859
Түркия Иракта тұрақтылық пен бейбітшілік қалайды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы Кеңесінде Ирак пен Сириядағы шекарадан тыс операция жасау тақырыбында үкіметке берілген жауапкершілік мерзімінің 2017 жылдың 30 қазан күніне дейін ұзартылуымен байланысты премьер-министрлік рұқсаты 1 қазан күні қабылданды. Сирияда жалғасқан Евфрат қалқаны операциясына қоса ДАИШ-тің Мосулдан шығарылуын қамтамасыз ететін операцияның жақында басталуы тұрғысынан бұл рұқсат аса маңызды.

Рұқсатқа қоса, президент Режеп Тайып Ердоғанның жақындаған Мосул операциясы жайлы жариялаған көзқарастары күн тәртібіне келді. Президент Режеп Тайып Ердоған рұқсат қабылданбай тұрып, 4 қазан күні «Dubai TV» телеарнасына жасаған мәлімдемесінде мына жайттарға тоқталды:

- Түркияның Ирак және Сириямен арадағы шекарасы ұзын. Бұл себептен осы елдердің қауіпсіздігіне қатысты оқиғаларға үнсіз қарап қалмайды.

- Аймақтан тыс үкіметтер аймақтағы жаңалықтарға араласып отырған бір жағдайда, Түркия өз міндетін орындауға тиісті.

- Мосулдың иесі - мосулдықтардың өзі. Мосулдың ДАИШ-тен құтқарылғаннан кейін осында тек қана сүннит арабтар, түрікмендер және сүннит күрдтер қалу керек.

- Сирияның солтүстігінде ұшуға тыйым салынған қауіпсіз бір аймақтың құрылуы шарт және 5 мың шаршы шақырымдық алаңды террордан тазалау керек.

Түркияның Иракқа қатысты ұстанымына қарсы Ирактан қатаң наразылықтар келді. Ирак Өкілдер мәжілісі шешім қабылдап, Түркияның Мосулға қарасты Башикадағы әскери болмысын қабылдамағанын жариялады және Ирак жерінен шығарылуы үшін шаралар қолданатынын мәлімдеді. Аталмыш шешімде төмендегі тақырыптарға орын берілді:

- Түрік күштерінің Иракқа кіруін талап еткендер жайлы заң органдарына шағымдану,

- Президент Ердоғанның мәлімдемелерін айыптау,

- Түркиямен сауда және экономикалық ынтымақтастыққа қайта көз жүгірту,

- Түрік күштерінің елден шығарылуы үшін үкіметтің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ-на жедел түрде шағымдануы.

Ирак Мәжілісінің шешімінің артынан Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади және Хашди Шаби (Халық қорғаныс күштері) шиіт қарулы күштері қауіпсіздік мәлімдемешісі Юсуф Әл-Килаби болса мәлімдемелер жасады.Әл-Ибади Түркияны Ирактың ішкі істеріне араласумен айыптады және аймақтық соғыс қаупімен қорқытты.Әл-Килаби болса түрік әскеріне қарсы соғыса алатынын жариялады. Сондай-ақ Хашди Шаби Ердоғанның Мосулда кімдердің өмір сүру керектігі жайлы мәлімдемесін бөлшектеушілік ретінде бағалады.

Ирактықтардың мәлімдемелеріне АҚШ-тан бастап, Ирактан тыс елдерден де қолдау келді. Осы наразылықтардың барлығы әрі Түркияның Иракта ортаға қойған саяси ұстанымы, әрі президент Ердоғанның мәлімдемелері оқшауланып қолға алынды. Бәрінен де АҚШ-тық лауазымдылар естен шығарған мәселе мынау: Иракта ДАИШ-тің пайда болуына себеп болған тікелей АҚШ-тың операциясымен анархия мен хаос ортаға шыққан болатын. Сондай-ақ 1991 жылы Бірінші Шығанақ соғысынан бері аймақта ортаға шыққан басқару кемшілігі лаңкестік құрылымдарға Солтүстік Иракта бір база құру мүмкіншілігі берді. Сириядағы оқиғалар және ДАИШ-тің пайда болуы Түркияның қауіпсіздік мәселесін одан да қиындатты. Өз қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін ойлаған әр мемлекет сияқты Түркияның бұған үнсіз қарауы мүмкін емес еді. Оған қоса Түркияның Солтүстік Ирактағы болмысы елдің шекара тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіретін ерекшелікте емес. Аймақтағы түрік әскерінің жалғыз мақсаты - ДАИШ-ке қарсы жоғалтылған жерлерді кері қайтару үшін жергілікті күштерді жаттықтыру. Сондай-ақ түрік әскерлері Ирак әкімшілігінің шақыруымен барды.

Вице-премьер Нуман Куртулмуш айтқандай түрік армиясы Иракта кезкелген тұрақсыздыққа жол ашатын ерекшелікте емес. Түркияның мақсаты - террор ұйымдарынан туындаған саяси белгісіздікті жою және Мосул халқын қорғау.

Басқа жағынан шиіт Хашди Шаби күштері құрамындағы кейбір топтардың жасағандарын назардан тыс қалдырмау керек. Бірақ Бағдат үкіметі бұл тақырыпта үздіксіз мойындамаушы бір ұстаным ортаға қойып, болымсыздықтарын жеке қателіктер ретінде көрсетуге тырысты. Хашди Шабидің ДАИШ-тен құтқару үшін қоршауға алынған қалаларды тастап кеткен жазықсыз азаматтарға бағытталған шабуылдармен жиі күн тәртіпке келгені баршаға мәлім. Анбар уәлаяты губернаторының мәлімдемесіне қарағанда Әл-Фаллуджаны ДАИШ-тен құтқару кезеңінде  ондаған жазықсыз адам осы қарулы топтар тарапынан өлтірілген болатын. Қазір қайда екені белгісіз жүздеген жоғалған адам тіркеуде тұр. Адам құқықтары бақылау комитетінің 9 маусым күні жарияланған рапортында Хашди Шабидің қасақана өлтіру, жәбірлеу, жоғалғандар мен бөлшектенген мәйіттерге жауапты екені атап көрсетілген.

ДАИШ-тен құтқарылғысы келген қалалардағы тұрғындар заңды түрде қарулы топтармен араласқысы келмейді. Осы себепті Анбар уәлаяты лауазымдылары Бағдат әкімшілігінен Әл-Фаллуджа халқынан ешкімнің Хашди Шаби қарулы күштерімен араласуын қаламағанын, мұның қамтамасыз етілуін талап еткен болатын. ДАИШ-тен құтқарылған сүннит тұрғын аймақтарына қақтығыстар алдында қаладан кеткен тұрғындардың кері оралуына ұзақ уақыттан бері рұқсат берілмеуі де уайымдарды арттыратын тағы бір мәселе. Бұл жағдай қалалардың демографиясымен ойналғанын көрсетеді.

Қысқаша айтқанда, Ирак тарапынан Түркияға бағытталған наразылықтардың мәселеден тыс наразылықтар екенін айтуға болады. Өзі террормен күрескен Түркияның Ирактың террормен күресіне қолдау бергені себепті күдік туғызатын бір жағдай және ұстанымы жоқ. Түркия Ирактың шекара тұтастығын қорғау, күшеюіне үлес қосу және тұрақтығын қамтамасыз етуін жақтайды. Бірақ бұлардың елде өмір сүрген барлық топтар тепе-тең қабылданбайынша қамтамасыз етіле алмайтыны ортада.

 



Ұқсас жаңалықтар