Грузия-Әзірбайжан-Түркия Сыртқы істер министрлерінің үштік жиналысы

Еуразия тынысы 09

450677
Грузия-Әзірбайжан-Түркия Сыртқы істер министрлерінің үштік жиналысы

Түркия-Әзірбайжан-Грузия Сыртқы істер министрлері үштік жиналысы 2016 жылы 19 ақпан күні Грузияның астанасы Тбилисиде болып өтті. Сыртқы істер министрлері үштік жиналысына Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Элмар Мемедяров және Грузия сыртқы істер министрі Михеил Джанелидзе қатысты.

Үштік жиналыста министрлер аймақтық ынтымақтастық және ел мүдделеріне қатысты тақырыптар жайлы көзқарас алмасты. Баку-Тбилиси-Жейхан, Баку-Тбилиси-Эрзурум құбыр желілері, Баку-Тбилиси-Карс теміржолы және ТрансАнадолы табиғи газ жобасы сияқты аймақтық жобалар келіссөздерде қолға алынды.

Тбилисиде өткен 5-ші Түркия-Әзірбайжан-Грузия Сыртқы істер министрлері үштік жиналысының артынан ортақ декларацияға қол қойылды. Сыртқы істер министрлері келіскен ортақ декларацияда тараптардың аймақтық бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықты күшейту тақырыбындағы ортақ қалаулары тілге тиек етіліп, үштік жиналыстарға ризашылық білдірілді. Сондай-ақ Анкара және Диярбакырдағы террор шабуылдары Түркия, Әзірбайжан және Грузия Сыртқы істер министрлері қол қойған ортақ декларацияда айыпталды.

Аймақтан өтетін құбыр желісін бітіруге толық қолдау берген декларацияда бұрынғы Жібек Жолын жандандыруды үш елдің қалағаны, бұл аяда Баку-Тбилиси-Карс теміржолын ең қысқа уақытта іске қосуды нысанаға алғаны атап көрсетілді.

Ортақ декларацияда 2013-2015 жылдары үшін жоспарланған үштік салалық іс-шаралар жоспарында орын алған жобалардың жүзеге асырылуына ризашылық білдірілді. Декларацияда сондай-ақ келесі үштік жиналыстың ағымдағы жылы Әзірбайжанда өткізілетіні жарияланды.

Сыртқы істер министрлері кейін ортақ баспасөз мәслихаты өткізді. Баспасөз жиналысында сөз алған Мемедяров үш ел арасындағы ынтымақтастықтың ұтымдылық ережесіне сәйкес табысты түрде жалғасқанын атап айтты. Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса, көрші елдерге террормен күрес тақырыбында Түркиямен ынтымақтастық жасағандары үшін алғысын білдірді.

Баршаға мәлім үштік жиналыстардың алғашқысы 2012 жылы 8 маусым күні Трабзонда, екіншісі 2013 жылдың 28 наурыз күні Батумиде, үшіншісі 2014 жылдың 19 ақпан күні Генже қаласында, төртіншісі болса 2014 жылы 10 желтоқсан күні Карста жүзеге асқан болатын. Түркия-Әзірбайжан-Грузия сыртқы істер министрлері тек қана өткен жылы бас қоспады. Бірақ үштік жиналыс алаңы кеңейді. Мысалы Грузияның Батуми қаласында 2016 жылы 6 наурыз күні үш елдің экономика министрлері іскер форумында бас қосты. 2015 жылы 2 сәуір және 17 желтоқсан күндері Тбилиси және Стамбұлда үш елдің Қорғаныс министрлері жиналысы өтті. 2015 жылы 5 мамыр күні болса Анкарада Бас Штаб Басқармасы төрағаларының жиналысы ұйымдастырылды. Үш ел тарапынан Оңтүстік Газ коридоры ақылдасу кеңесінің алғашқы жиналысы Бакуде өткізілді. ТрансАнадолы табиғи газ құбыр желісінің (ТАНАП) Карс қаласында іргетасы қаланды.

Бұл табысты үштік жиналыстар мемлекет басшылары деңгейінде де жалғасты. 2014 жылы 6 мамыр күні Тбилисиде Әзірбайжан мен Түркия президенттерінің үштік саммиті болып өтті.

Аймақта мұндай ынтымақтастықтардың ұйымдастырылуына қоса, кейбір мәселелер әлі баршылық. Грузия мен Әзірбайжан шекарасын нақтылау, диаспора қиыншылықтары, Ахыска түріктерінің Грузиядағы негізгі отандарына оралуы сияқты мәселелер шешімін күтеді. Бұл ынтымақтастықтардың барлық мәселелердің шешіміне үлес қосуын тілейміз.



Ұқсас жаңалықтар