Премьер-министр Бакуге барады
Йылдырым Халықаралық Баку форумына қатысады.
Премьер-министр Бинали Йылдырым Низами Генджеви Халықаралық орталығы тарапынан ұйымдастырылатын 6-шы Жаһандық Баку форумына қатысу мақсатымен ертең Әзірбайжанға барады.
Премьер-министрлік баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда, Йылдырым 14-15 наурыз күндері Бакуде болады.
Премьер-министр сапары барысында екі жақты кездесулерге қатысады. Әзірбайжан президенті Илхам Алиев және Әзірбайжан Ұлттық мәжілісі төрағасы Октай Еседов тарапынан қабылданады. Әзірбайжан премьер-министрі Артур Расизадемен бас қосады.
ТР премьер-министрі биыл «Белсенді қоғам қалыптастыру үшін айырмашылықтарды азайту» деген тақырыппен өткізілетін 6-шы Жаһандық Баку форумының беташарында және «Күш: Ірі күштер мен қалғандары» атты отырыста сөз сөйлейді.
Премьер-министр Йылдырым форумға қатысатын шетелдік басшылармен де кездесу өткізеді, баспасөз өкілдері және іскерлермен бас қосады.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан үкіметі су тасқынындағы шығындарға байланысты бірқатар жұмыс істеді
Қазақстанда су тасқынынан үйлері қирап қалған 356 отбасына жаңа үйлер мен пәтерлер берілді.