Pasha Bank түрік банк нарығына кіреді

Банк Әзірбайжан инвестицияларының Түркияға кіруіне дәнекер болады.

167209
Pasha Bank түрік банк нарығына кіреді

Pasha Bank түрік банк нарығына кіреді.


Банктерді реттеу және бақылау мекемесі орталығы Әзірбайжанда болып табылатын Pasha Bank –қа Taib Bank-тың үлесін сатып алып, түрік банк нарығына кіруіне рұқсат берді.


Аксой холдинг болса Pasha Bank атқару комитетінің әсіресе Әзірбайжан, Түркия және Грузия арасында артып отырған экономикалық іс-қимылға орай клиенттерінің мұқтаждықтарына жауап беру мақсатымен түрік нарығына кіруге шешім бергенін хабарлады.


Pasha Bank Taib Bank-тың көпшілік акция үлесін сатып алу арқылы Аксой холдингпен серіктестік жасауға бел буды. Pasha Bank-тың жоғары деңгейдегі басқарушысы Фарид Ахундов жергілікті жобалардың әлеуетін пайдалануды мақсат еткен әзірбайжандық инвестициялардың Түркияға келуіне дәнекер болатындарын айтты.


Аксой холдингтің атқару комитеті төрағасының орынбасары Бату Аксой да серіктестіктің Түркияда және аймақта нығаюды жоспарлаған кәсіпорындар үшін қолайлы банк болатынын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар