Әзербайжан премьер-министрі Түркияда
Асадов Түркия вице-президенті Джевдет Йылмазмен кездесті
2137032
![Әзербайжан премьер-министрі Түркияда](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/6a4b/d668/7bc2/663b4cb7b230b.jpg?time=1722047083)
Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов Түркияда.
Али Асадов алдымен вице-президент Джевдет Йылмазмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастар мен ынтымақтастық мүмкіндіктері қолға алынды.
Йылмаз бен Асадов жеке және делегация аралық кездесулерден кейін Түркия мен Әзербайжан арасындағы 11-ші бірлескен экономикалық комиссия хаттамасына қол қойып, ортақ баспасөз мәслихатын өткізеді.
Йылмаз бен Асадов Түркия-Әзербайжан бизнес форумына да қатысады.
Әзербайжан премьер-министрін президент Режеп Тайып Ердоған да қабылдайды.
Ұқсас жаңалықтар
![Теміржол үшін бірлескен компания құрылады](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/0feb/4483/d73f/66a373d438d64.jpg?time=1722047083)
Теміржол үшін бірлескен компания құрылады
Абдес Анарбеков бірлескен компания құру жұмыстары басталғанын хабарлады.