Нахчывандағы жарылыста 2 адам қаза тапты

Әзербайжан Республикасы Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады.

2133093
Нахчывандағы жарылыста 2 адам қаза тапты

Әзербайжанның Нахчыван Автономиялық Республикасының Седерек уәлаятында Арменияға тиесілі оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан 2 адам қаза тапты.

Әзербайжан Республикасы Бас прокуратурасы жасаған мәлімдемеде 72 жастағы Вилаят Рызаев пен 53 жастағы Адем Алиевтің Караағач ауылында болған жарылыстан қаза тапқаны хабарланды.

Прокуратура оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тергеу басталғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар