Ирактың солтүстігінде бір әскер шейіт болды

Вице-президент Джевдет Йылмаз мен Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер де шейіт болған сарбаз үшін көңіл айту хабарламасын жариялады.

2143161
Ирактың солтүстігінде бір әскер шейіт болды

Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциялық аймағында бөлшектеуші террор ұйымы мүшелері тарапынан қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуы кесірінен бір әскер шейіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде ««Пенче-Килит» операциялық аймағында 2024 жылдың 22 мамырында біздің қаһарман жауынгер жаяу әскер Ведат Зорба Бөлшектеуші террор ұйымы мүшелері тарапынан алдын ала орнатылған қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылуы кесірінен ауыр жарақат алды. Дереу ауруханаға жатқызылған Зорба барлық құтқыру жұмыстарына қарамастан шейіт болды. Біз қайғыра отырып, Алладан рақым және туыс-туғандарына көңіл айтамыз» делінді.

Вице-президент Джевдет Йылмаз мен Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер де шейіт болған сарбаз үшін көңіл айту хабарламасын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар