Ирактың солтүстігіне әуеден шабуыл жүргізілді

Лаңкестік ұйым қолданған үңгірлер, баспаналар және қоймалардан тұратын 24 нысанның жойылғаны айтылды.

2188978
Ирактың солтүстігіне әуеден шабуыл жүргізілді

Түркия Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге сәйкес, террорлық ұйым PKK/KCK және басқа да лаңкестік элементтерді залалсыздандыру, Ирактың солтүстігінен бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік күштеріне бағытталған лаңкестік шабуылдарды тоқтату және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының 51-бабына негізделген заңды қорғаныс құқығы аясында Ирактың солтүстігіндегі Хакурк, Гара, Кандил және Асос аймақтарында лаңкестердің нысандарына әуе шабуылы ұйымдастырылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде операция барысында лаңкестік ұйым қолданған және ішінде жауапты деңгейдегі лаңкестер де болуы мүмкін деп есептелген үңгірлер, баспаналар және қоймалардан тұратын 24 нысанның жойылғаны айтылды.

Операцияда барынша отандық және ұлттық оқ-дәрілер қолданылып, көптеген лаңкестің залалсыздандырылғаны атап өтілді. Сонымен қатар мәлімдемеде "бейкүнә адамдардың, достық күштердің, тарихи және мәдени нысандар мен қоршаған ортаның зақымданбауы үшін барлық шаралар" қабылданғаны да мәлімденді.



Ұқсас жаңалықтар