Иракта бір террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Барлау Ұйымы лаңкестік ұйымының жауаптыларының бірі Халил Йигитті операция барысында залалсыздандырды.
Ұлттық Барлау Ұйымы Ирактың Гара аймағында PKK/KCK бөлшектеуші лаңкестік ұйымының жауаптыларының бірі Халил Йигитті операция барысында залалсыздандырды.
Қауіпсіздік көздерінен алынған ақпаратқа сәйкес, барлау қызметі жүргізген барлау жұмыстары нәтижесінде PKK/KCK лаңкестік ұйымының Гарадағы жауаптыларының бірі "Хогир Пироси" лақап атымен белгілі Йигиттің лаңкестік ұйымның жоғары деңгейдегі басшыларының бұйрығымен Гарада түрік қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуыл ұйымдастырғаны анықталды.
Орны табылған Йигит операция нәтижесінде залалсыздандырылды.
2007 жылы Шырнак маңында лаңкестік әрекеттерін бастаған Йигит Шырнактың Силопи ауданында қару және қолдан жасалған жарылғыш заттармен лаңкестік шабуылдарға қатысқан. Ол сондай-ақ түрік қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылдарды ұйымдастырып, 2018 жылы Сирияда PKK/YPG лаңкестік ұйымының құрамында әрекет еткен. Соңғы рет Йигит Ирактың Гара аймағында лаңкестік әрекеттер жүргізген.