НАТО басшысы Ердоғанға алғыс айтты

Столтенберг осындай хабарды Венгриядан да күтетінін білдірді.

2093888
НАТО басшысы Ердоғанға алғыс айтты

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Президент Режеп Тайып Ердоғанға Швецияның НАТО-ға қосылу протоколына байланысты шешімі үшін алғыс айтты.

Столтенберг Бельгияның астанасы Брюссельде Черногория Премьер-министрі Миложко Спачичпен кездесуінен кейін өткізген ортақ баспасөз мәслихатында Швецияның мүшелігінің НАТО-ны күшейтетінін баса айтты.

Столтенберг Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Бас Ассамблеясында Швецияның мүшелігіне берілген мақұлдау үшін ризашылығын білдірді. «Президент Ердоғанға тез қол қойғаны үшін де алғыс айтамын» деді ол.

Столтенберг осындай хабарды Венгриядан да күтетінін білдірді.

Швеция НАТО-ға мүше болу үшін Венгрия парламентінен де рұқсат алуы керек.



Ұқсас жаңалықтар