Террормен күрес Ирактың солтүстігінде жалғасуда
Ұлттық қорғаныс министрлігі әуе операциясы жасалғанын мәлімдеді.
2134211
Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында анықталған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық екі террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды.
Ұлттық қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеде «Бар күшімізбен күресті жалғастырамыз! Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында анықталған PKK-лық 2 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды. Терроризм және содырлармен күресіміз нәтижелі және табанды түрде жалғасады!» делінді.
Ұқсас жаңалықтар
Оливер Вархели Түркияға ресми сапармен келеді
Еуропа Одағының Көршілік және кеңею комиссары Оливер Вархели Түркияға ресми сапармен келеді.