Фидан Түрік әлемін Израильдің қатыгездігіне қарсы ортақ ұстанымға шақарды
Хакан Фидан Түрік әлемінің Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдарына қарсы ортақ ұстанымда болуының маңыздылығына тоқталды.
![Фидан Түрік әлемін Израильдің қатыгездігіне қарсы ортақ ұстанымға шақарды](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/7e66/5aa7/41f2/664c3dcbd271f.jpg?time=1718821099)
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түрік әлемінің Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдарына қарсы ортақ ұстанымда болуының маңыздылығына тоқталды.
Министр Фидан ел астанасы Анкарада Түркітілдес Мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүрікПА) Қорғаныс комиссиясы төрағаларының ашылу жиналысында сөз сөйледі.
Палестинаға қолдау көрсетуге баса назар аударған Фидан Газада көбісі әйелдер мен балалардың он мыңдаған адамның өліміне себеп болған Израильдің қатыгездігін біржола тоқтату үшін екі мемлекет шешімінің жүзеге асырылуы керектігін білдірді.
Фидан «Бұл ортада Түрік әлемінің халықаралық қауымдастықпен ортақ ұстанымда болуы Түрік әлемінің моральдық күш ретінде ерекшеленуіне мүмкіндік береді. Бұл қақтығыстың таралу қаупінің жойылуына және әлеуметтік шиеленістің пайда болуына ықпал етеді» деді.
Министр Фидан «Түрік әлеміндегі барлық бауырларымызды Газадағы қатыгездікке қарсы дауыстарын көтеруге және осы қатыгездікті тоқтату үшін көбірек нақты қадамдар жасауға шақырамын» деді.
Ұқсас жаңалықтар
![Ердоған Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/17dc/85c7/62ef/667274aa8f555.jpg?time=1718821100)
Ердоған Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті
Ердоған Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.