Ердоған TRT-нің 60 жылдығына орай құттықтау жариялады
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Радио Теледидар Мекемесінің (TRT) 60 жылдығына орай құттықтау жариялады.
Президент Ердоған ТRТ-нің жауапты, бейтарап және принципті журналистік көзқарасымен 60 жылдан бері білімі мен тәжірибесін азаматтарға ұсынып келе жатқанын білдірді.
Президент Ердоған Заманауи цифрлық хабар таратудың талап ететін барлық жаңа мүмкіндіктерін сауатты түрде пайдаланған TRT-тің күшті және тиімді корпоративтік құрылымы бар екенін және түрік халқын хабар тарату саласында жеткен деңгейімен мақтан ететінін түсіндірді.
Президент Режеп Тайып Ердоған «Мемлекеттік хабар таратудың жауапкершілігін ескере отырып, TRT динамикалық құрылымымен және озық хабар тарату тәжірибесімен еліміздің құндылықтарын, тарихын, мәдениетін, қуатын және үнін бүкіл әлемге көрсетуді жалғастыруда. Жаңалықтардан спортқа, музыкадан деректі фильмдерге, балалардан мәдениетке дейін TRT еліміздегі саланың көшбасшысы болуда. TRT барлық арналарымен барша әлемге үлгі болуды жалғастыруда. TRT мектеп ретінде және құнды телерадио хабарларын таратушыларды дайындауда маңызды рөл атқарады. TRT-нің бұдан былай барлық табысты жұмыстарды жалғастыратынына кәміл сенемін. Барлық қызметкерді Түркия Радио Теледидар Мекемесінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтаймын» деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
«Біз әрқашан палестиналық бауырларымыздың жанындамыз»
Түркия Әділет министрі Йылмаз Тунч әлеуметтік желісінде жазба бөлісті.