Катар Қорғаныс министрі Анкарада

Яшар Гүлер Катар Қорғаныс министрі Халид бин Мохаммад әл-Атиямен кездесті.

2070958
Катар Қорғаныс министрі Анкарада

Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер Катар Қорғаныс министрі Халид бин Мохаммад әл-Атиямен кездесті.

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер ел астанасы Анкараға ресми сапармен келген катарлық әріптесін әскери рәсіммен қарсы алды.

Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Катар Қорғаныс министрі Құрмет қарауылына сәлем берді.

Рәсімнен кейін жеке және делегация аралық кездесулер өтті.

Гүлер мен әл-Аттия екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық оқиғалар туралы пікір алмасты.

 



Ұқсас жаңалықтар