Газадағы науқастар  Түркияға әкелінді

Газадан онкологиялық науқастар бар екі ұшақ Түркияға келді.

2064943
Газадағы науқастар  Түркияға әкелінді

Мысырдың Эль-Ариш әуежайынан ұшып шыққан ұшақтар ел астанасы Анкарадағы Есенбоға әуежайына қонды.

Израильдің шабуылымен Газадан шығарылған, жедел жәрдем көліктерімен Эль-Ариш әуежайына әкелінген және Президенттік пен Ұлттық Қорғаныс министрлігіне тиесілі ұшақтарға орналастырылған науқастарды Есенбоға әуежайында медициналық топтар қарсы алды.

Ұшақтардан жедел жәрдем көлігіне ауыстырылған науқастарды емдеу жұмыстарының Билкент қалалық ауруханасында жүргізілетіні белгілі болды.

Науқастардың денсаулық жағдайын сапар бойы Түркиядан келген 9 маман медицина қызметкері бақылап отырды.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа  халықаралық денсаулық сақтау дипломатиясы мен осы саладағы жұмыстарының нәтижесінде Газадан алынған 27 науқас пен 13 күтушіне Түркияға әкелу арқылы маңызды қадам басқандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар