Алтуннан Израильге наразылық

Фахреттин Алтун Израиль армиясының Рафахқа жасаған шабуылына қатаң түрде наразылық көрсетті

2144778
Алтуннан Израильге наразылық

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Израильдің Газа секторындағы Рафах қаласындағы соңғы қырғынына наразылық көрсетіп, қылмыскерлерді жауапқа тартуға шақырды.

Фахреттин Алтун әлеуметтік желідегі хабарламасында Израильдің соғыс және адамзатқа қарсы қылмыс жасаған режим ретінде тарихқа енетініне тоқталып, «Қылмыскерлерді жауапқа тарту керек» деді.

«Тель-Авивтегі қанды режимнің мәдени әлемнің көз алдында «геноцид» қылмысын жасағанын» атап көрсеткен Алтун Израильдің жалғыз мақсатының Палестина жерін басып алуды жалғастыру екенін білдірді.

Коммуникация басқармасы төрағасы «Палестиналықтарды қорғау біздің міндетіміз. Халықаралық қоғам бұдан былай қарап тұра алмайды. Израильдіктер не десе де, біз бұл зорлық-зомбылықты тоқтатып, тезірек Палестина мемлекетін құруымыз керек. Бұл соғыс аяқталуға тиіс. Кінәлілер жауапқа тартылуы керек. Адам құқығы мен қадір-қасиеті тек қағаз жүзінде қалуы мүмкін емес. Израильдің адамзатқа қарсы қылмыстары үшін жауап беретін уақыты келді» деді.

Израиль армиясының Газа секторындағы Рафах қаласында қоныс аударған палестиналықтардың шатырларына жасаған шабуылда алғашқы мәлімет бойынша 40 палестиналық қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар