Президент Ердоған мен Ресей президенті телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған РФ Дағыстан Республикасындағы лаңкестік шабуылды айыптады.
2155842
Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Ресей федерациясына қарасты Дағыстан Республикасындағы лаңкестік әрекеттер талқыланды.
Әңгіме барысында президент Ердоған Түркияның терроризмнің әр түріне қарсы екенін, шабуылдарды жек көрушілікпен айыптағандарын білдірді. Президент қаза тапқандар үшін Ресей халқына көңіл айтып, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Президент Ердоған Түркияның аймақтағы барлық қақтығыстарды тоқтату үшін күш салуды жалғастырғандарын мәлімдеді.