Хакан Фидан БАӘ Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Хакан Фидан шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

2050332
Хакан Фидан БАӘ Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан  Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда әңгімеде Израиль мен Палестинадағы соңғы оқиғалар аясында Газадағы гуманитарлық жағдай талқыланды.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын жан-жақты операция бастағанын хабарлаған еді.

Израиль армиясы болса әскери ұшақтармен Газа секторына бағыттап «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар