Президент Ердоған Гутерреш және Путинмен телефонда сөйлесті

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы мәлімдеме жасады.

2049172
Президент Ердоған Гутерреш және Путинмен телефонда сөйлесті
putin-erdogan.jpg
guterres-erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда Израиль-Палестина қақтығысы аясында басылатын қадамдар талқыланған әңгіме барысында Ердоған мен Гутерреш жазықсыз бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу үшін не істеу керектігі мен Түркияның бітімгерлік талпыныстарын қолға алды.

Шектен асқан шабуылдардың жағдайды одан әрі шатаққа айналдыратынын атап көрсеткен Ердоған тараптардың ұстамдылық танытып, импульсивті қадамдардан аулақ болуының өте маңызды екеніне назар аударды.

Президент Ердоған мен Путин әңгімесінің де күн тәртібі Израиль мен Палестина қақтығысы болды.

Басшылар Израиль мен Палестина арасындағы алаңдатарлық қақтығыстың барысы мен шиеленістің тарауына жол бермеу шараларын талқылады.

Әңгіме барысында өңірдегі гуманитарлық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін қандай шаралар атқарылатыны талқыланды.

Азаматтық елді мекендердің нысанаға алынуының уайымдарды арттырғанын және мұндай бастамалардың Түркия тарапынан құпталмағанын білдірген Ердоған Түркияның аймақта тыныштықты қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерді жұмсайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар