Сыртқы істер министрлігі PKK/YPG-ге қарсы операция жайлы мәлімдеме жасады

Кеше Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымына тиесілі көптеген нысананың жойылғаны баса айтылды.

2047372
Сыртқы істер министрлігі PKK/YPG-ге қарсы операция жайлы мәлімдеме жасады

Түркия Сириядағы операция кезінде қарулы ұшқышсыз әуе аппаратының апатқа ұшырауының бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы операцияның орындалуына және анықталған нысаналардың атылуына әсер етпегенін жариялады.

Сыртқы істер министрлігінен тақырыпқа байланысты жасалған мәлімдемеде 2023 жылдың 1 қазанында (бас Анкарада) болған террорлық шабуылдан кейін өзін-өзі қорғау құқығы аясында  Ирак пен Сириядағы PKK/YPG террористік нысаналарына қарсы ауқымды операциялардың басталғаны еске салынды.

Кеше (5 қазан) Сирияның солтүстігіндегі Тель-Рыфат, Чизире және Дерик аймақтарында бөлшектеуші террор ұйымына тиесілі көптеген нысананың жойылғаны баса айтылды.

Мәлімдемеде «Оқиғада жүргізіліп жатқан операцияның орындалуына және анықталған нысаналардың соққысына ешқандай әсер еткен жоқ. Иракта жасалғандай, Сириядағы лаңкестік ұйым әзірлеген барлық тұзақтар мен табыс көздері жүйелі түрде жойылады» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар