Әділет министрі Швециядағы оқиғаны айыптады

Әділет министрі Йылмаз Тунч "Х" әлеуметтік медиа платформасынан мәлімдеме жасады.

2020740
Әділет министрі Швециядағы оқиғаны айыптады

Әділет министрі Йылмаз Тунч Швецияның бас қаласы Стокгольмде PKK террор ұйымы жақтастарының президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​нысанаға алған арандатушылықтарын қатаң түрде айыптағанын білдірді.

Тунч бұрынғы аты Твиттер болатын X әлеуметтік медиа платформасындағы мәлімдемесінде Швецияның террор ұйымдарының әрекеттеріне рұқсат беруінің және президент Ердоғанға қарсы арандатушылықтарға үнсіз қалуының қабылданбайтынын тілге тиек етті.

Тунч «НАТО-да одақтасымыз болғысы келетін Швеция террористік ұйымдардың әрекетіне жол бермей, өз міндеттемелеріне берік болуы керек. Терроризм – адамзатқа қарсы қылмыс. Террористік ұйымдардың барлық түрлерінің алдын алу заңдық мемлекеттердің басты міндеті болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар