Мария Захарова Түркия-Сирия қарым-қатынасына тоқталды

Мария Захарова «Біз Түркия-Сирия келіссөздерін аймақтағы тұрақтылықтың маңызды элементі ретінде көреміз» деді.

1999880
Мария Захарова Түркия-Сирия қарым-қатынасына тоқталды

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Түркия мен Сирия қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру үшін келіссөздерді аймақтағы тұрақтылықтың маңызды элементі ретінде көретіндерін білдірді.

Захарова «Ria» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның кездесу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасады.

Кездесу күні анықталған кезде жариялайтындарын түсіндірген Захарова «Түрік серіктестерімізбен қарым-қатынас жасауға және  кең ауқымды мәселелерде байланыстарымызды жалғастыруға дайынбыз» деді.

Екі министрдің алғаш рет телефон арқылы сөйлескенін   еске салған Захарова күн тәртібіндегі белгілі салалардың анықталғанын атап өтті. Захарова мұның Қаратеңіз астық бастамасымен байланысты мәселелердің шешілуі, Түркияның жақын көршілері Сирия және Армениямен қарым-қатынасын қалыпқа келтіру және аймақтағы терроризммен күресу екенін айтты.

Түркия-Сирия қарым-қатынастарын жақсарту үшін Түркия, Сирия, Иран және Ресей арасындағы 4 форматтағы кездесулерді еске салған Захарова «Аймақтағы тұрақтылық үшін Түркия-Сирия қарым-қатынастарының қалыпқа келуі тұрғысынан жақсы нәтижелер алынды. Біз Түркия-Сирия келіссөздерін аймақтағы тұрақтылықтың маңызды элементі ретінде көреміз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар