ЕО жоғарғы лауазым иелері Түркияға келеді

ЕО комиссары Вархели мен Швеция Халықаралық даму ынтымақтастық және сыртқы сауда министрі Форсель Түркияға келеді.

1949794
ЕО жоғарғы лауазым иелері Түркияға келеді

Еуропалық Одақтың (ЕО) комиссары Оливер Вархели мен Еуропалық Одақтың кезекті  төрағасы атынан Швеция Халықаралық даму ынтымақтастық және сыртқы сауда министрі Йохан Форсель Түркияға келеді.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Еуропалық көршілестік және кеңею жөніндегі комиссары Оливер Вархели мен Еуропалық Одақтың кезекті  төрағасы атынан Швеция Халықаралық даму ынтымақтастық және сыртқы сауда министрі Йохан Форсель эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкіністерінен кейін ЕО-ның үміткері Түркияға қолдау көрсету және көңіл айту мақсатымен 2023 жылының  21-22 қаңтарында елімізге сапарлай келеді. Комиссар Вархели мен министр Форсель Анкарада министрімізбен (Мевлүт Чавушоғлу) кездесіп, ЕО-ның жер сілкінісі аймағына қосымша көмегін және наурыз айында өткізілуі жоспарланған халықаралық конференцияның шараларын талқылайды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар