Шырнакта 4 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі жеке аккаунтынан мәлімдеме жасады.

2154593
Шырнакта 4 террорист залалсыздандырылды

Шырнактың Бейтүшшебап ауданының ауылдық аймағында жүргізілген «Боздоған-44» операциясында 1-і «қызғылт сары» және 2-сі «сұр» санатта, барлығы 4 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі жеке аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде операцияға Әуе күштері қолбасшылығы әскери ұшақтары, «ATAK» әскери тікұшақтары, Жандармерия қолбасшылығы «пилотсыз әуе көлігі» қолдау берген жандармерия арнайы жасақтары мен қауіпсіздік қарауылдарының қатысқанын жариялады.

Бейтүшшебап ауылында сепаратист террор ұйымы террористтерімен арада қақтығыс шықты.

Қақтығыс кезінде араларында террор шабуылдары жасағаны себепті іздеу салынған «қызғылт сары» санаттағы Басри Чин мен «сұр» санатта іздеуде болған Сефер Темел және Йылмаз Сала да бар барлығы 4 террорист қаруларымен залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар