«Боздоған-45» операциясында 2 террорист залалсыздандырылды

Али Йерликая «Шейіттеріміздің қаны жерде  қалған жоқ, қалмайды. Операцияларымыз жылдың 365 күні тоқтаусыз  жалғасады» деді.

2155136
«Боздоған-45» операциясында 2 террорист залалсыздандырылды

Батманның Герджуш ауданында ұйымдастырылған «Боздоған-45» операциясында 1-і қызыл санаттағы 2 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында қақтығыстарда  6 күзетшінің шейіт болғанын және 19 күзетшінің жараланғанын мәлімдеді. Али Йерликая қақтығыстарда біреуі қызыл санаттағы іздеуде жүрген 2 лаңкестің операция арқылы  залалсыздандырылғанын білдірді.

Әуе күштері қолбасшылығының ұшақтары, ATAK шабуыл тікұшақтары және J-SİHA қарулы ұшқышсыз әуе көлігі операцияға қолдау көрсетті.

Али Йерликая Құрбан айт мерекесі барысында (15-19 маусымда) 2-і қызыл, 4-і қызғылт сары және 2-сі сұр санатта болған бөлшектеуші  террор ұйымы мүшесі 11 террористтің залалсыздандырылғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Терроризммен күресте табандылыққа тоқталған Йерликая «Шейіттеріміздің қаны жерде  қалған жоқ, қалмайды. Операцияларымыз жылдың 365 күні тоқтаусыз жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар