Сенегал президенті Ердоғанға алғыс айтты

Сенегал президенті Макки Салл Сенегал іздеу-құтқару тобына барған Ердоғанға алғыс айтты.

1949065
Сенегал президенті Ердоғанға алғыс айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жер сілкінісі болған Хатай аймағына барған кезде, Сенегал іздеу-құтқару тобымен кездесті. 

Сенегал президенті Макки Салл Хатайда Сенегал іздеу-құтқару тобына барып, олармен кездескен Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.

Президент Салл Twitter парақшасындағы жазбасында президент Ердоғанға Сенегал іздеу-құтқару тобына барғаны үшін алғыс айтты.

Салл Сенегалдың осы қиын кезеңде түрік халқымен және үкіметімен ынтымақта екенін атап өтті.

Сенегал үкіметі өткен аптада Түркияға 30 адамдық іздеу-құтқару тобын жіберген болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар