Түрік мемлекеті зардап шеккендерге көмек береді

Ердоған бүгін жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардың  бірі Адыяманға барды.

1945005
Түрік мемлекеті зардап шеккендерге көмек береді

Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпан күні болған, эпицентрі Кахраманмараш, 10 аймаққа әсер еткен жер сілкінісінен кейін апатты аймақтардағы сапарын жалғастыруда.

Ердоған бүгін жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардың  бірі Адыяманға барды.

Қаладағы іздестіру-құтқару жұмыстары мен көмектер туралы ақпарат алып, жағдайды тексерген президент Адыяман университетінің стадионында құрылған шатырлы қалада мәлімдеме жасады.

Кахраманмараш жер сілкінісінде қаза болғандардың санының 18 мың 991-ге, жаралылардың санының 75 мың 523-ке жеткенін білдірген Ердоған жер сілкіністерінің артынан 76 мыңнан астам азаматтың басқа аймақтарға эвакуацияланғанын айтты.

Бұл процестің Түркиядағы барлық ресми және азаматтық іздеу-құтқару топтарымен және әлемнің түкпір-түкпірінен келген барша құтқарушымен жалғасып жатқанын атап көрсеткен Ердоған: «Өкінішке орай, біздің жұмысымыз өте қиын болды, өйткені жер сілкінісінің жойқын әсері 10 аймақ пен 500 шақырым аумаққа тарады» деді.

Бір жылдың ішінде қираған ғимараттарды қалпына келтіріп, иелеріне тапсыратындарын айтқан Ердоған шатырда қалғысы келмейтін азаматтардың бір жылдық баспана жалдау ақысын мемлекет төлейтінін атап өтті.

Президент Ердоған елдің әсіресе жер сілкінісі аймағында аяғынан тік тұруына мүмкіндік беретін ауқымды бағдарлама дайындағандарын айтты.

Президент 6 ақпандағы жер сілкінісінен зардап шеккен Кахраманмараш, Хатай, Адана, Газиантеп, Османие және Килисте де тексеру жүргізді.



Ұқсас жаңалықтар