Куба президенті Түркияға келеді
Куба президенті Мигель Марио Диас-Канел Бермудез Түркияға келеді.
1909701
Куба президенті Мигель Марио Диас-Канел Бермудез президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келеді.
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда бас қала Анкарада өтетін ресми кездесулерде Түркия-Куба қарым-қатынастары жан-жақты қарастырылып, ынтымақтастықты жақсарту үшін жасалатын ортақ қадамдар талқыланады.
Түркия мен Куба арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 70 жылдығына сәйкес келетін 2 күндік сапар аясында аймақтық және жаһандық мәселелер, әсіресе Латын Америкасы мен Кариб өңір тақырыбы, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастары бойынша пікір алмасу көзделуде.
Ұқсас жаңалықтар
Канада Сыртқы істер министрі Түркияға келеді
Канада Сыртқы істер министрі Мелани Джоли ертең Түркияға келеді.