Президент Ердоған Мицотакиспен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді

Президент мыңға жуық Хамас мүшесінің Түркияда емделіп жатқанын жариялады

2139147
Президент Ердоған Мицотакиспен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Хамас-тың ұлтазаттық бір ұйым екенін қайталап, мыңға жуық мүшесінің Түркияда емделіп жатқанын жариялады.

Президент Ердоған мен ресми сапармен Анкараға келген Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Мицотакис мәлімдемесінде «Түркия мен Таяу Шығыс арасында пікір қайшылығы бар. Израильдің Газа аймағына кіруі мен террор ұйымы ретінде қабылдағанымыз Хамасқа Түркияның басқаша анықтамамен қарайтынын білеміз» деген соң Президент Ердоған «Мен Хамасты террор ұйымы ретінде көрмеймін» деді.

Ердоған «Хамас 1947 жылдан бері жерлері басып алынған және елді-мекендерін қорғауға алған ұлтазаттық бір ұйым болып табылады. Бұл ұйым өкінішке орай елді-мекендерін Израильдің опасыздықпен (шабуылдарында) жойған 45 мыңға жуық адам шығынына қарамастан қорғау үшін күресіп жатқан бір ұйым. Біз мұны көруіміз керек. Хамасты «лаңкестік ұйым» деп атау қатыгездік болар. Мен Хамасты террористік ұйым ретінде көрмеймін. /…/. Қазір осында террористік ұйым десеңіз, өкініш. Менің елімде Хамастың 1000-нан астам мүшесі емделуде. Батыс оларға қарудың түр-түрімен шабуыл жасап жатыр, осы елдерден оқшауланған Хамас-ты террористік ұйым деп атасаңыздар, осыған қынжылар едім» деді.



Ұқсас жаңалықтар