Ердоған мен Мицотакис террормен күрес тақырыбын талқылады

Ердоған: «Террормен күрес тақырыбында Грекиямен түсіністік бірлігіміз күшейіп келеді».

2139204
Ердоған мен Мицотакис террормен күрес тақырыбын талқылады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Террормен күрес тақырыбында Грекиямен түсіністік бірлігіміз күшейіп келеді» деді.

Президент Ердоған кеше ресми сапармен Анкараға келген Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесуінен кейін ортақ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Қонақ премьер-министрмен кездесуде екіжақты мәселелерді егжей-тегжейлі қарастырғандарын және сауда көлемін 6 миллиард доллардан 10 миллиард долларға жеткізу мақсатымен жұмыс істейтіндерін атап айтқан Ердоған «Террормен күрес тақырыбында Грекиямен түсіністік бірлігіміз күшейіп келеді. Террористік ұйымдарға аймағымыздың болашағында орын жоқ екені туралы келісеміз. Қарым-қатынастарымызда оң атмосфераның Грекиядағы түрік азшылықтары мен отандастарымыздың құқықтарын қамтамасыз етуге үлес қосуын күтеміз» деді.

Кипр мәселесінің аралдағы шындықтар негізінде әділ және тұрақты шешім табуының маңызды екенін атап көрсеткен Ердоған «Мұндай бір қадам өңіріміздің тұрақтылығы мен тыныштығын нығайтады» деді.

Грекия премьер-министрі Мицотакис болса «Арамыздағы түсіністік пен қарым-қатынас ортасы үнемі оң бағытта дамып келеді» деп Түркияның Еуроодаққа мүшелігін қолдағандарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар