Тунджелиде PKK ұйымына қарсы операция жүргізілді

Тунджелиде «Эрен Аблука күз және қысқы-4 шейіт маман сержант Бурак Тортумлу операциясы» басталды.

1898398
Тунджелиде PKK ұйымына қарсы операция жүргізілді

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда бөлшектеуші PKK ұйымын елдің күн тәртібінен түсіріп, аймақты паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатымен Тунджелидің Оважык ауданындағы Мерджан тауларының ауылында «Эрен Аблука күз және қысқы-4 шейіт маман сержант Бурак Тортумлу операциясы» ұйымдастырылды.

Мәлімдемеде елдегі террордың толық жойылуы үшін жүргізілген «Эрен Аблука күз және қысқы-4 шейіт маман сержант Бурак Тортумлу операциясының» халықтың қолдауы және сенімімен сәтті жалғасқаны атап өтілді.

 



Ұқсас жаңалықтар