Алтуннан Швеция Сыртқы істер миннистріне наразылық

Фахреттин Алтун Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линденің террор ұйымы мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

1829949
Алтуннан Швеция Сыртқы істер миннистріне наразылық

Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линденің елінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны Түркиядан кейін террор ұйымы тізіміне енгізген алғашқы ел болғанын және бұл ұстанымның өзгермегені жөніндегі мәлімдемесіне Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтуннан наразылық келді.

Әлеуметтік желідегі аккаунтынан Швецияның PKK-ның үгіт-насихаттарын, қаржы мен жауынгер жинау жұмыстарын тоқтату үшін ешбір шара қабылдамағанын хабарлаған Алтун «Швеция Түркияда сонымен қатар жанкешті шабуылдар жасаған террористерді қаруландыруда. Адалдық - ең жақсы саясат. Көзімізге қарап, өтірік айтуды жалғастыруда. Террор ұйымы PKK-ны қолдауды жалғастырасыз. Швеция шынымен PKK-ны террор ұйымы ретінде көретін болса, шара қолдануы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар