Хулуси Акар Украина Қорғаныс министрімен телефонда сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковпен телефонда сөйлесті.

1806607
Хулуси Акар Украина Қорғаныс министрімен телефонда сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Акар мен Резников телефондағы әңгімеде Мариупольда жасалатын эвакуациялау жұмыстары және аймаққа гуманитарлық жәрдемнің жеткізілуі тақырыбында пікір алмастырды. 

Акар атыстың дереу тоқтатылуының және бейбіт халықтың эвакуациялануы үшін гуманитарлық коридорлардың ашық болуының маңыздылығына тоқталды. 

Министр Акар Türkiye-нің Украинаға гуманитарлық жәрдем беру үшін қолынан келгенін істейтінін тағы бір рет қайталады. 

 



Ұқсас жаңалықтар