Украинадағы түрік азаматтары елге жете бастады

Түрік азаматтары Едирнедегі шекара қақпалары арқылы Түркияға кіре бастады.

1786211
Украинадағы түрік азаматтары елге жете бастады

Ресейдің Украинаға жасаған шабуылынан кейін түрік азаматтары Едирнедегі шекара қақпалары арқылы Түркияға кіре бастады.

Достары және отбасымен бірге Хамзабейли шекара қақпасына келген университет студенті Толга Демир Украинада жағдайдың қиын екенін және көптеген адамның соғыстан қашып Түркияға келуге тырысқанын білдірді.

Ресейдің шабуылдарына байланысты жолдардың қазір қауіпті екенін түсіндірген Демир: "Тәуекелге бел буғанбыз, отанымызға аман-есен келдік. Бұл шынымен қиын жағдай. Онда достарымыз күтіп тұр. Олар баспаналарда тұрып жатыр, бомбалау жалғасып жатыр. Біз оларды мүмкіндігінше тезірек қауіпсіз жерге көшіреді деп үміттенеміз” деді.

Демир Сыртқы істер министрлігі қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Алптекин Аййылдыз да Украинада 10 жылдан бері тоқыма бизнесімен айналысатынын, Ресейдің шабуылынан кейін әйелі және баласымен отанына келгенін айтты. Аййылдыз Украинадан эвакуацияланғанда Сыртқы істер министрлігі мен түрік консулдық қызметкерлерінің өздеріне көп көмектескенін айтып, алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар