Ердоған басшылығында қауіпсіздік саммиті аяқталды

Президенттік кешендегі саммит 1 сағат 50 минутқа созылды.

1784508
Ердоған басшылығында қауіпсіздік саммиті аяқталды

Ел астанасы Анкарада президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен қауіпсіздік саммиті өтті.

Ресейдің Украинаға әскери операциясы талқыланған Президенттік кешендегі саммит 1 сағат 50 минутқа созылды.

Вице-президент Фуат Октай, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан, Президенттік коммуникациялар басқармасы басшысы Фахреттин Алтун, Президенттің жеке хатшысы Хасан Доған және президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калын саммитке қатысты.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстанда болуына байланысты саммитке қатыспады.



Ұқсас жаңалықтар