Ердоған "Ресейдің шешімін қабылдамаймыз"

Ердоған: "Қаратеңіз елі болғандығымыз себепті көптеген сақтық пакетінің  дайындалуы шарт. Біз де осы шараларды жасап жатырмыз, жасадық та" деді.

1782948
Ердоған "Ресейдің шешімін қабылдамаймыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Ресейдің ауыз жүзіндегі Донецк және Луганскті тануына байланысты тараптарды байсалды болуға және халықаралық құқықты атқаруға шақырамыз" деді.

Африка сапарын жалғастырып жатқан Ердоған Конго Демократиялық Республикасынан Сенегалға баратын жолда ұшақта журналистермен сұхбаттасты.

Түркияның Ресей-Украина дағдарысын бәсеңдету үшін басынан бері шынайы талпыныс көрсеткенін айтқан Ердоған:

"Дағдарысты шешуге байланысты ниетімізді ашық ортаға салдық. Соңғы оқиғалар жайлы Сыртқы істер министрлігіміздің мәлімдемесінде Ресейдің ауыз жүзіндегі Донецк және Луганск Республикаларын тану шешімінің Минск келісіміне қайшы екені білдірілді. Аталмыш шешім Украинаның саяси бірлігіне, егемендігі мен территория тұтастығына ашық түрде қайшылық жасау мағынасына келеді" деп көрсетті.

Президент Ердоған:

"Шешімнің қабылданбайтынын білдіреміз. Тараптарды байсалды болуға және халықаралық құқықты атқаруға шақырамыз. Қаратеңіз елі болғандығымыз себепті көптеген сақтық пакетінің  дайындалуы шарт. Біз де осы шараларды жасап жатырмыз, жасадық та" деді.

Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскийдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі-Түркия-Германия ортақ саммитін өткізу ұсынысы жайлы:

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері, әрі басқа елдер қабылдаса, осы бас қосуға қатысамыз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар