Алтун Ердоғанның Украина сапарын бағаландырды

Фахреттин Алтун медиа ұйымы Бломбергке президент Ердоғанның Украина сапары жайлы мәлімдеме жасады.

1773042
Алтун Ердоғанның Украина сапарын бағаландырды

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Фахреттин Алтун Түркияның Украина және Ресеймен жақсы қарым-қатынасы болғанына меңзеп:

"Екі елмен де жақын диалогімізді ескере отырып, тараптар қаласа, араларында келісім мен бейбітшілікті қайта орнату үшін қолымыздан келген жәрдемді жасаймыз" деді.

Алтун медиа ұйымы Бломбергке президент Ердоғанның Украина сапары жайлы мәлімдеме жасады.

Алтун Түркияның Украина мен Ресей дағдарысындағы бітімгерлігіне байланысты:

"Бұл тақырыптарды олардың арасындағы мәселе нақтылы шешімін тапқанға дейін қоғаммен бөліспейміз. Түркия ретінде олар жөніндегі ниетіміздің шынайы  екенін екі тарап та түсінеді" деді.

Түркияның әрі Украинамен, әрі Ресеймен өзара құрмет пен ортақ мүддені негіз еткен ынтымақтастық қарым-қатынасы болғанына меңзеген Алтун:

"Екі елмен де жақын диалогімізді ескере отырып, тараптар қаласа, араларында келісім мен бейбітшілікті қайта орнату үшін қолымыздан келген жәрдемді жасауға дайынбыз. Бітімгерлік, оңайластыру және кездесулерге үй иесі болуды қамтыған барлық талғамды ұсынамыз" деді.

Украина және Ресеймен байланыстарымыз бірбірінің баламасы болмайтынын айтқан Алтун ынтымақтастықтарымыз үшінші елге қарсы емес екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар