"Ерен Қыс-18" операциясы басталды

Аймақты паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатымен "Ерен Қыс-18 Хаккари-Казан" операциясы басталғаны хабарланды.

1772238
"Ерен Қыс-18" операциясы басталды

Бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға бағытталған "Ерен Қыс-18" операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде ПКК террористік ұйымын елдің күн тәртібінен шығу және аймақты паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатымен Хаккариде "Ерен Қыс-18 Хаккари-Казан" операциясы басталғаны хабарланды.

Операцияда 1050 әскер мен 68 операциялық топ міндет атқаруда.

Мәлімдемеде ел ішіндегі террористерді түбегейлі жою мақсатымен жүргізілген Ерен операцияларының азаматтардың қолдауымен сенім және бекіммен табысты түрде жалғасқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар