Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Ердоған мен Путин телефондағы әңгімеде Кавказ, Сирия мен Иракты қамтыған аймақтық мәселелер мен халықаралық оқиғаларды бағаландырды.

1755788
Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.

Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде Түркия мен Ресей қарым-қатынастарын дамыту қадамдары талқыланғаны білдірілді.

Екі лидер телефондағы әңгімеде Кавказ, Сирия мен Иракты қамтыған аймақтық мәселелер мен халықаралық оқиғаларды бағаландырды.

Екі басшы телефондағы кеңестерінде Түркия мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты барлық салалары бойынша дамыту шешімін қайталады.

Ресей Президенттік сарайы Кремльден жасалған жазбаша мәлімдемеде Ресейдің АҚШ пен НАТО-ға қауіпсіздік кепілдігіне байланысты ұсынған ұсыныстардың қолға алынғаны және аймақтық мәселелердің бағаландырылғаны білдірілді.

Екі лидердің телефонда Ресей мен Түркия арасындағы өзара мүддені негіз еткен ортақтықты бекемдеу кепілдіктерін қайталағаны да хабарланды.
 



Ұқсас жаңалықтар