"Түрік Кеңесі - бауырластықтың символы"

Президент Білім беру министрлерінің жиналысына жолдау жіберді.

1729431
"Түрік Кеңесі - бауырластықтың символы"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Кеңесінің бауырластық, ұйымшылдық пен ынтымақтастықтың символына айналғанын айтты.

Стамбулда ТР Ұлттық білім беру министрлігінің ұйымдастыруымен Түрік Кеңесі Білім беру министрлерінің 6-шы отырысы және Халықаралық Түркі академиясы Ғылым кеңесінің 4-ші отырысы басталды.

Президент Режеп Тайып Ердоған ТР Ұлттық білім беру министрі Махмут Өзер мен Түрік Кеңесі бас хатшысы Бағдат Әміреевтің төрағалығымен басталған жиынға жолдау жіберді.

Отырыстың білім саласы мен түркі әлемі үшін пайдалы болуын тілеген Ердоған биыл Түрік Кеңесінің құрылғанына 12 жыл толғанын еске салды.

«Соңғы 12 жылда кеңес арамыздағы бауырмалдықтың, ұйымшылдық пен ынтымақтастықтың символына айналды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар