Маариф фонды халықаралық диплом береді

Түркия Маариф фонды төрағасы Проф. Бирол Акгүн фондтың жаңа халықаралық диплом бағдарламаларын баспасөзге таныстырды.

1714358
Маариф фонды халықаралық диплом береді
tmv.jpg
tmv.jpg

Түркия Маариф фонды халықаралық аренада жарамды Халықаралық Маариф бағдарламасы (IMP) және IMP-Маариф мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын дайындады.

Түркия Маариф фонды төрағасы Проф. Бирол Акгүн фондтың жаңа халықаралық диплом бағдарламаларын баспасөзге таныстырды.

Акгүн оқу бағдарламасының бес сатылы негізден тұратынын айтып, осы сатылардың алдымен ғылыми білім беріп, болашақ ұрпақты технологиялық жағынан жетілдірілген және аналитикалық ойлау қабілетін аттыру үшін оларға терең әлеуметтік ғылымдар перспективасын беру екенін атап көрсетті.

Ол бағдарлама аясында оқушыларға тілдің жақсы үйретілетінін айтып,  осы шеңберде оқушылардың ана тілін жетік меңгеруге қолдау берілетінін, сонымен бірге бір шеттілдің де үйретілетінін білдірді.

Акгүн IMP бағдарламасының халықаралық деңгейде арамды диплом болатынын айтты. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының да халықаралық стандарттарға сай дайындалғанын атап көрсетті.

Акгүн: «Балқан,  Азия және Африкадан он ел таңдап,  үш түрлі құрлықта мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының сынақтық жұмыстарын бастадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар